Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына «Radgil 2» қан құрамын өңдеу қондырғысы осыдан тура бес ай бұрын «Самұрық-Қазына» АҚ атынан табысталған болатын. Содан бері қатерлі ісікке шалдыққан 550 балаға 3000-нан аса трансфузия жәрдемі жасалды.

06/11/2023

«Қондырғыда ай сайын 700-800 доза қан құрамын сәулелендіруден өткіземіз. Ем алу барысында балаларға қан компоненттерін көп мөлшерде құятындықтан (кейбір балаларға 40-50 дозадан), сәулелендіру міндетті түрде керек. Қор бізге ем құралын тапсырылғалы, бес айда 550-ден астам балаға 3000-нан аса трансфузия жәрдемі жасалды. Бір балаға ем қабылдау ұзақтығына байланысты бірнеше рет, тіпті 40 ретке дейін қан құйылады. Аппаратты түнде салқындатып алып, тәулік бойы қолданып жатырмыз», - дейді бөлімше меңгерушісі Қуаныш Үмбетов.

Қазақстанда қатерлі ісігі бар балаларды диагностикалау және емдеу негізінен екі республикалық клиникада жүргізіледі. Соның бірі Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы. Аталмыш медицина мекемесіне құны 228 миллион теңге тұратын қажетті жабдықты алуға «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры тікелей қаржылай қолдау көрсеткен болатын. Бұл қан тазалау қондырғысы халықаралық стандарттарға сай әрі онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеу бойынша үздік нәтиже көрсеткен.

Сатитистикаға сүйенсек, Қазақстанда жылына 600 бала онкологиялық дертке шалдығады. Оның 40%-ына лейкоз (ақ қан ауруы) диагнозы қойылады. Бір өкініштісі соңғы жеті жылда бұл көрсеткіш өзгермеген.

Comments are closed.