«Әрекет» жобасы аясында жазасын өтеуші әйелдер алғашқы жалақысын алып үлгерді
05/10/2022
Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылында орналасқан АК-159/9 мекемесінде іске қосылған тоқылған себеттер өндірісінде жұмыспен қамтылған 10 жазасын өтеуші әйелге қыркүйек айында алғашқы жалақылары аударылды.
Бұл туралы «Әрекет» жобасының аясында «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен тиісті істі жүзеге асырған «Қарағанды облысының әйелдер күштері альянсы» қауымдастығынан хабарлады.
Осылайша тағдыр тәлкегімен бас бостандығынан айырылған әйелдер, бостандыққа шыққанда керек әлеуметтік бейімделу дағдыларын игеруде.
Ағымдағы жылдың маусым айында ресми ашылуы болған шағын өндіріс барысында қатысушылар шілде-тамыз айларында себет тоқуды үйренді. Өнім супермаркеттерге, гүл, кәдесый дүкендеріне, жиһаз, хайуанаттар, азық-түлік дүкендеріне және басқа да сауда нүктелеріне саудаланбақ.
Сонымен қатар, жазасын өтеуші әйелдер Альянстың ұйытқы болуымен өзара тіл табысуға бейімделіп, алдағы уақытта қаржылық және құқықтық сауаттылық дағдыларын меңгеретіні көзделіп отыр.
Добавить комментарий