№97 мектепте инклюзия сыныптары бойынша Ашық есік күні өтті
24/02/2025
Инклюзия сыныптары ашылған №97 мектеп-гимназиясында ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының ұжымы үшін Ашық есік күнін өткіздік. Бұл кабинеттер өткен жылғы қайырымдылық марафонынан түскен қаражат есебінен жабдықталған болатын.
Ұжым мүшелері КПИ кабинеттерінде білім алатын ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқу процесімен және даму барысымен танысты және оларға жасалған жағдайларды өз көздерімен көріп, педагогтармен бірге балаларға қолдау көрсетудің тиімді әдістерін талқылады. Сонымен қатар биылғы мамыр айында өтетін «Charity Samruk Marathon 2025» қайырымдылық марафонына студенттерімен бірге белсене қатысатындарын білдіріп, әлеуметтік жауапкершілігін тағы да көрсетті.
Маған ұнайды
0
Добавить комментарий