№36 мектепте – жаңа инклюзияны қолдау кабинеті
11/09/2024
Бүгін «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева №36 орта мектептегі инклюзияны қолдау кабинетінің салтанатты ашылуына қатысып, оның жұмысымен танысты.
Кабинет моделі Қор және инклюзия саласындағы сарапшылармен бірлесе әзірленді. Жаңа форматтағы сыныптар психолог, дефектолог, логопед және қыш шеберханасына арналған open space форматындағы арнайы аймақтармен, сондай-ақ емдік дене шынықтыру бойынша жеке кабинетінің болуымен ерекшеленеді.
Айта кетейік, өткен аптада «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен №97 мектепте инклюзивті сынып ашты.
Елордада жаңа оқу жылында «Самұрық-Қазына» қолдауымен барлығы 5 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Кабинеттер «Charity Samruk Marathon» қайырымдылық марафоны барысында жиналған қаражат есебінен жабдықталды. Жобаның нәтижесінде 150-ден астам ерекше балалар өз қатарластарымен бірге орта мектептерде оқу мүмкіндігіне ие болды.
Добавить комментарий