ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

27 ақпан — Дүниежүзілік Үкіметтік Емес Ұйымдар күні.

27/02/2023

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан серіктестерімізді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

Әлемдік қауымдастықтың қоғамдық өмірінде ҮЕҰ-ың рөлі мен миссиясына баға жетпейді десек артық емес. Біздің қор үшін үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің маңызы ерекше. Өйткені олар қайырымдылыққа бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру жолындағы сенімді әріптестеріміз.

Жыл сайын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы бастамашылары өңірлік және республикалық ҮЕҰ арқылы ел тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту үшін бірқатар жобаларға қолдау көрсетеді. Кәсіби мерекесін атап өтіп жатқан ұйымдар мемлекетке қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларын қамтуға мүмкіндік береді. Яғни азаматтық қоғамның дамуының көрсеткіші, айнасы десек те болады.

Барлық серіктестерімізге өз миссияларын іске асыруда табыс, жобаларының өркендеуі мен дамуын тілейміз! Біз әрқайсыңызға сенім мен ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!

Добавить комментарий