ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Түркістандық үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларына қаржылай көмекті қалай ала алатынын білді

10/06/2022

2022 жылдың 10 маусымында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Түркістан облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Киелі Түркістандағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

ҮЕҰ бұқарада қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз жобаларын ұсына алса, қор тарапы олардың ішінен барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болатынын қолдауға әзір.

«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, Түркістан облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.

Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірлеріндегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты.  

Бас директордың сөзінше, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан өңірдің дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2018-2021 жылдар аралығы, қордың қайырымдылық қызметі аясында өңірде жалпы сомасы 843,3 млн теңгеге 28 әлеуметтік жоба іске асырылды.

Бұл қаражатқа:

  • «Балалардың әмбебап спорт алаңдарын ашу» жобасы аясында Арыс қаласында, Таукент кентінде, Түлкібас ауданының Т.Рысқұлов атындағы ауылында, Созақ ауданының Қарақұр және Қаратау ауылдарында 5 алаң орнатылды. Әрбір әмбебап алаңға жалпы ауданы 1 280 шаршы және 915 метр футбол алаңы, Workout элементтері бар балалар және спорт аймағы кіреді;
  • «Ауа-тіректік ғимарат базасында көпфункционалды спорт кешендерінің құрылысы» жобасы аясында 2022 жылдың 1 тоқсанында Кентау қаласында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Кешенде әмбебап алаң (футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис), бокс рингі, күрес кілемі, екі жолақты жүгіру жолы бар. Шамамен 8 мың адам қамтылады;
  • жергілікті ҮЕҰ-ға әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшін 17 грант бөлінді;
  • пандемия кезінде облыстың медициналық мекемелеріне Damas санитарлық машиналары, 5 бірлік көлемінде оттегі концентраторлары, 50 пульсоксиметр табысталды;
  • А.Байтұрсынов атындағы №1 жалпы орта мектебі базасында сомасына инклюзияны қолдаудың кабинеті ашылды;
  • Сайрам ауданында психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті іске қосылды;
  • облыстық балалар ауруханасында катамнестикалық кабинет ашылды;
  • қалалық балалар ауруханасында оңалту орталығы ашылды.

Қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға әзір екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта, «Серіктес болу» бөлімінде қолжетімді: www.sk-trust.ibitrix.kz. Сондай-ақ қорда call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.

Добавить комментарий