Мамандықты таңдаймыз. Ерекше балалар Семейдегі «Қазпошта» филиалының жұмысымен танысты

13/05/2022

Ерекше жасөспірімдер Семей қаласының «Қазпошта» қызметкерлерімен бірге жұмыс күнің өткізіп,  жұмыс атмосферасын толықтай сезінуге мүмкіндік алды.

Өз жасына қарамастан, мамандық тандауға деген қызығушылық қазіргі жастарды толғандырады және «Leader Z» онлайн - мектебінің студенттеріне бүгін кәсіби ортамен танысуға мүмкіндік туды.

Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырылады және ерекше қажеттіліктері бар жасөспірімдерге мобилография, скетчинг, scratch және STEAM курстары бойынша кәсіби дағдыларды алуға ғана емес, сонымен қатар, бүгіннің өзінде болашақта кім болғысы келетінін түсіну үшін түрлі кәсіптермен танысуға көмектесуге бағытталған.

Ұқсас экскурсиялар Алматы, Нұр-Сұлтан және Петропавл қалаларында тұратын жасөспірімдер үшін өткізілді, ал енді Семейліктер үшін «Қазпошта» АҚ-ға бизнес-экскурсияға бару мүмкіндігі туды. Экскурсиядан алған әсерлерімен олар былай бөлісті:

«Мен бір қаладан екінші қалаға хат немесе сәлемдеме жеткізуге қанша адам қатысатыны туралы бұрын-соңды ойламаппын, бірақ «Қазпоштаға» экскурсияға барғаннан кейін мен мұның қандай күрделі механизм екенін түсіндім.  Сәлемдемені қажетті мекен-жайға жеткізу үшін сауатты маман болу қаншалықты қажет екенің түсіндім», - дейді 15 жастағы Абраимов Искандер.

Искандер бағдарламалаумен әуестенеді, сондықтан «Leader Z» мектебінде ойланбастан «STEM» курсын таңдаған. Енді бұл дағдыларды кез келген жұмыста қолдануға болатынын нақты көрді, өйткені әлем күн сайын  өзгеруде және бүгінгі күні цифрлық технологиялар барлық жерде ауадай қажет.

«Сәлемдемелерді өңдеу, сұрыптау және арнайы супермаркетте қалай орналастыру керектігін көргенде, бұл жерде бағдарламалау дағдылары пайдалы болатынын түсіндім. Өзім үшін «Leader Z» жобасында курсты дұрыс тандағанына көзім жетті және болашақта осы бағытты егжей-тегжейлі зерттеуді жоспарлап отырмын»

Экскурсияның тағы бір қатысушысы Анастасия Соловьева өзінің сезімімен былайша бөлісті: «Біз пошташылардың осындай ауыр және жауапты жұмысын көргенімізге қуаныштымын. Біз үшін пошта қызметкелерінің жұмысында  күрделі ештеңе жоқ деп ойлайтынбыз,  бірақ іс жүзінде бұл оңай емес және біз әр адамның жұмысын бағалауымыз керек».

Comments are closed.