ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қызылордалық үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларына қаржылай көмекті қалай ала алатынын білді. «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдері өңір жұртшылығымен кездесті

12/05/2022

2022 жылдың 12 мамырында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Қызылорда облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады. Сыр бойындағы кездесу жергілікті ҮЕҰ-дарды ынтымақтастыққа тарту мақсатында ұйымдастырылды.

ҮЕҰ бұқарада қалыптасқан әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысты өз жобаларын ұсына алса, қор тарапы олардың ішінен барынша көп халыққа пайдалы әрі жүйелі, орнықты болатынын қолдауға әзір.

«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, Қызылорда облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.

Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірлеріндегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты.  

Бас директордың сөзінше, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан көптеген жылдар бойы Қызылорда облысының дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2017-2021 жылдар аралығы, өңірде жалпы сомасы 957 млн теңгеге 11 әлеуметтік жоба іске асырылды.

Бұл қаражатқа қор:

  • Қызылордадағы 3 түзету мектебін арнайы жабдықпен жабықтады;
  • Қызылорда қаласы мен Арал, Жаңақорған, Шиелі және Қармақшы аудандарында 8 әмбебап алаң орнатты. Ауданы 1 200 шаршы метрден асатын әрбір алаң Workout элементтері бар футбол алаңынан, балалар мен спорт аймағынан тұрады;
  • жергілікті ҮЕҰ-ға әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшін 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін мөлшерде 20 грант бөлді;
  • Ұлы Отан соғысының 300-ден астам ардагері мен тыл еңбеккеріне әлеуметтік-тұрмыстық қолдау көрсетті;
  • пандемия кезінде облыстың медициналық мекемелеріне 7 Damas санитарлық машинасын, өкпені жасанды желдету аппаратын, оттегі концентраторларын және пульсоксиметрлерді жеткізді;
  • Махамбетов ауылында көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын қаржыландырды. Кешен әмбебап алаңды (футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис), бокс рингін және жүгіру жолын қамтиды;
  • өңірдің «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» аясында оңалту орталығы ашылды және оны барлық қажетті заманауи оңалту жабдықтарымен жабдықталды;
  • Арал қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бейімделген спорт бойынша 2 топ (бочча) ашты.

Қазір қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға ашық екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта, «Серіктес болу» бөлімінде қолжетімді: www.sk-trust.ibitrix.kz. Сондай-ақ қорда call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.

Добавить комментарий