Қызылорда облысында 400-ден астам бала тегін оңалтудан өтті

12/05/2022

2022 жылғы 12 мамырда   Самұрық-Қазына» АҚ Қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов пен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева Қызылорда облыстық көпбейінді балалар ауруханасында орналасқан «Қамқорлық» оңалту орталығында болды.

Статистикаға сәйкес, Қызылорда облысында 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар 5 000-нан астам бала бар, олардың көпшілігі тұрақты оңалту көмегін қажет етеді.

Қызылордадағы оңалту орталығы өз жұмысын 2022 жылдың қаңтарында бастады. Бүгінгі таңда мұнда нейро-ортопедиялық кінәраты бар 400-ден астам бала тегін оңалтудан өтті.

Орталықта Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің алдыңғы қатарлы оңалту жабдықтарын өндірушілерінің заманауи шешімдері қарастырылған. Оңалту орталықтарын қажетті жабдықтауды толықтай жобаның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» АҚ және әлеуметтік серіктес «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырды.

Қызылордалық тиісті оңалту орталығы ерекше балаларды оңалтудың жүйелі және кешенді тәсілін көздейтін халықаралық модель бойынша жұмыс істейді. Мұнда әртүрлі бейінге оқытылған мамандар тобы жұмыс істейді: неврологтар, реабилитологтар, емдік-дене шынықтыру нұсқаушылары, психологтар, логопедтер, еңбек және эрготерапевтер, дефектологтар. Әрбір бала үшін олар мен ата-аналары қол жеткізгісі келетін, бастапқы деректері мен мақсаттарына сәйкес, оңалтудың жеке жоспары жасалады.

Қонақтар орталық жұмысымен танысып, күнделікті балаларды оңалту бағытын аралады: емдік-дене шынықтыру залдарына, педагогтар мен психологтардың кабинеттеріне, механотерапия залына, сенсорлық бөлмеге, бальнеотерапия кабинетіне, бассейнге барып, саяхатты кондуктивтік терапияда аяқтады.

Кондуктивтік емнің соңында қалыптасқан игі дәстүрге сай осында ұзақ күткен алғашқы қадамын жасаған Бекзат Ғалымжанұлы есімді бүлдіршіннің тұсауын орталықтың қадірлі қонағы Ғибрат Ауғанов кесіп, батасын берді.

«Самұрық-Қазына» АҚ өз қызметінде қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті басты назарда ұстайды. Мәселен Қор компанияларының атынан әрекет ететін «Samruk–Kazyna Trust» корпоратвитік қоры өткен жылы жалпы сомасы 7 млрд теңгеден астам қаржыға 32 әлеуметтік жобаны іске асырды. Тиісті көмек арқылы біз жарты миллионға жуық адамды қамтыдық», - деді ол.

«Жоба еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарын ғана емес, сондай-ақ шалғай ауылдарды да қамтып, бұл балаларды жақын жерден тиімді оңалтумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.  Барлық оңалту орталықтарының жабдықталуын қаржыландырған «Самұрық-Қазына» АҚ жобаны іске асыруда сенімді серіктесіміз болып отыр.  Бұл қымбат және ең бастысы тиімді құрылғылардың кейбірі Қазақстанда тек біздің орталықта бар», - деді «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.

«Қамқорлық» оңалту орталығында физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан барлық азаматтар үшін тең жағдай мен мүмкіндік жасау мақсат етілген. Жалпы бұған дейін «Samruk-Kazyna Trust» қорының қолдауымен дәл осындай 15 оңалту орталығы Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан қаласында іске қосылды. Сонымен қатар 8 инклюзияны қолдау кабинеті мен 7 ерте араласу орталығына қазіргі заманғы озық құрал-жабдық орнатылды. Аталған орталықтарды толық жабдықтауға Қор тарапынан осы уақытқа дейін 3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Comments are closed.