«Samruk-Kazyna Trust» қорынан көмек алуға өтінімді жіберудің қос тәсілі

25/04/2022

Өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру үшін көмек алғысы келетін қазақстандық үкіметтік емес ұйымдар өтінімдерді «Samruk-Kazyna Trust» қорына екі тәсіл арқылы жібере алады.

1) Қағаз жүзінде:

түпнұсқаны қағаз түрінде пошта арқылы мына мекенжайға жіберуге болады: Нұр-Сұлтан қаласы, Сығанақ көшесі, 17/10 үй, 11-қабат. Бұл ретте құжатта барлық қажетті қолдар мен мөрлер болуы тиіс.

2) Электронды түрде:

www.sk-trust.kz сайтында өтінімді толтыру арқылы құжаттарды қоса бере отырып, PDF сипатында. Алайда сайтта жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға байланысты өтінімдер info@sk-trust.kz электрондық поштасына қабылданады.  Бұл ретте құжаттар сканерленген және барлық қажетті қолдар мен мөрлер болуы тиіс.

Құжаттардың толық көлемін жинау үшін бірінші Қайырымдылық көрсету және мониторинг жүргізу қағидаларымен танысу қажет.

Сұрақтар туындаған жағдайда қордың сall-орталығына +7 (7172) 57-68-98 телефоны арқылы хабарласуға болады. Жұмыс тәртібі: дс-жм сағ. 9:00-17:00-де, үзіліс 13:00-14.30 аралығында.

Comments are closed.