ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қызықты саяхат. Ерекше балалар Павлодар облысындағы МАЭС-1 мен «Богатырь» кенішіне барды

25/04/2022

Бес ерекше жасөспірімнің Павлодар облысындағы «Самұрық-Энерго» компаниясының өндірістік нысандарында өткізген күні қызықты әрі әсерлі сәттерге толы болды. Балалар «Богатырь Көмір» компаниясы жұмыс жүргізіп жатқан «Богатырь Көмір» көмір кен орны мен Екібастұз МАЭС-1 алаңына барды.

Жасөспірімдер «Leader Z» кәсіптік бағдарлау онлайн-мектебінің студенттері болып табылады. Жоба «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен іске асырылады және мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдерге кәсіби дағдыларды алуға, өз әлеуетін іске асыруға және болашақ мамандығын анықтауға көмектесуге бағытталған. Оқушылар негізгі компьютерлік дағдыларға: браузермен, электрондық поштамен, қосымшалармен және бағдарламалармен жұмыс істеуге, сондай-ақ мобилография, скетчинг, scratch және STEAM бойынша курстарға тегін оқытылады.

Жобаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі кәсіпорындарға бизнес-саяхаттар ретінде есептеледі. Мұнда балаларға жұмыс ахуалына енуге және заманауи қазақстандық компаниялардың қызметімен танысуға мүмкіндік беріледі.

Осындай ұйымдар қатарына «Самұрық-Энерго» ірі энергетикалық компаниясы енеді.

Шара балаларға ұмытылмас әсер қалдырды: оларға Қазақстандағы ең ірі электр станциясының қалай жұмыс істейтіні әңгемеленіп, содан кейін әсерлі де ауқымды «Богатырь» көмір разрезі көрсетілді.

«Қасына барғанда бірнеше есе алып өндіріс машиналары кеніш түбінде ойыншық тәрізді көрінеді. Адамдар тіпті көрінбейді! Біздің елімізде мұндай ауқымды өндіріс бар екенін тіпті білмеген екенмін. Бұл экскурсия маған қатты әсер етті. Энергетиктердің еңбегі өте күрделі екені сөзсіз, тиісті еңбек адамдармен танысқаныма және олардың қалай жұмыс істейтінін, неден шабыт алатынын тыңдағаныма қуаныштымын», - деп өз әсерімен бөлісті 17 жастағы Жамбутаев Әлішер.

Әлішер «Leader Z» мектебінде «Мобилографияны» оқиды және жобадағы оқудың арқасында телефонға түсіру ермегі уақыт өте келе оның кәсібіне айналатынына сенімді. Мектепте ол бейнежазба түсіруді және оны монтаждауды үйренді. Саяхат барысында сүйікті хоббиі үшін көптеген материал жинады: бейнебаян мен сурет түсірді, «селфи» жасады және ең қызықты кездерді таспалап алуға тырысты.

Барлық саяхатқа қатысушылар өздерінің күнделікті өмірінде жарқын жағдайға тап болғанға қуанып, көптеген жаңа және пайдалы ақпаратқа қанықты, сондай-ақ жеке биік белестерін бағындыруға ынталанып қайтты.

Добавить комментарий