«Samruk-Kazyna Trust» өкілдері Павлодар облысының жұртшылығымен кездесті

21/04/2022

21 сәуірде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкерлері үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) өкілдерімен, журналистермен, белсенділермен және Павлодар облысы әкімдігі қызметкерлерімен кездесті.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры Қазақстанның қайырымдылық саласындағы ірі донорларының бірі бола отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан еліміздің барлық өңірінде жобаларды жүзеге асырады.

«Самұрық-Қазына» қорында «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасы аясында ауқымды реформалар жарияланғаны аян. Оның ішінде жұмыстың ашықтығы мен айқындығын арттыру, сондай-ақ әлеуметтік серіктестікті дамыту көзделген.

Осы орайда «Samruk-Kazyna Trust» өңірлерді дамытуға күш салып, бұл бағытта жергілікті азаматтық сектор өкілдерімен ынтымақтастықты жолға қоюды мақсат етіп отыр.

Павлодардағы кездесу жергілікті ҮЕҰ өкілдеріне қор бастамаларын жеткізу және де қайырымдылық көмек алуға өтінішті қалай беру керектігін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды.

«Біз бұл кездесуді аймақтық үкіметтік емес ұйымдарды жаңа әлеуметтік жобаларды ұсынуға ынталандыру үшін өткізуді ұйғардық. Осылайша еліміздің ең шалғай жерлеріндегі адамдардың өмірін қалай жақсартуға болатыны туралы қызықты идеялар күтеміз. Бұл тұста қорымыз азаматтық секторды шағын бастамаларының ауқымын кеңейтуге шабыттандыруға күш салмақ. Мысалы шағын қаланың бастамалары бүкіл облыс, тіпті бүкіл ел үшін игілікті болуы мүмкін. Бұл дегеніңіз, Павлодар облысының белсенді ҮЕҰ-ын ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева.

Кездесуге қатысқан ҮЕҰ өкілдері өздерінде бар жобалар туралы айтып бергеннен тыс, өңірлеріндегі қордың қызметі мен жобаларына қызығушылық танытты.   

Бас директордың сөзінше, «Samruk-Kazyna Trust» қоры «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан көптеген жылдар бойы Павлодар облысының дамуына үлес қосып келеді. Мәселен, 2016 жылдан бастап, өңірде жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге жуық әлеуметтік жобалар іске асырылды.

Бұл қаражатқа қор:

  • Павлодар, Екібастұз қалаларында, Май және Баянауыл аудандарының кенттерінде 23 әмбебап спорт және ойын алаңдарын орнатты. Ауданы 1 200 шаршы метрден асатын әрбір алаң Workout элементтері бар футбол алаңын, балалар мен спорт аймағын қамтиды;
  • шайбалы хоккей, бокс және баскетбол ойындарын дамытуда облыстың үш спорт клубын қолдады;
  • Павлодар мен Ақсу қалаларында ерекше балаларға арналған бейімделген спорт түрлері бойынша 12 секция (топ) ашылды;
  • өңірдің 70 жалпы білім беретін мектебін заманауи және сапалы спорттық құрал-жабдықпен жабдықтады;
  • балаларға арналған 7 түзету мектебін жабдықтармен қамтамасыз етті;
  • облыстың 15 музыка мектебін музыкалық аспаптармен және жабдықтармен жабдықтады;
  • Екібастұздағы №2 ЖББОМ аясында психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін және Павлодардағы №26 орта мектепте инклюзивті білім беру ресурстық орталығын ашты;
  • облыстың 167 ҰОС ардагеріне және тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті;
  • әлеуметтік бастамаларын іске асыру үшін жергілікті коммерциялық емес ұйымдарға 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін 16 грант бөлді,
  • пандемия кезінде облыстың медициналық мекемелеріне 5 Damas санитарлық машинасын, 3 өкпені жасанды желдету аппаратын, оттегі концентраторларын және пульсоксиметрлерді жеткізді;
  • Павлодарда көпфункционалды спорт кешенінің құрылысын қаржыландырды. Кешен әмбебап алаңнан (футбол, волейбол, баскетбол, үлкен теннис), бокс рингінен, күрес кілемінен, екі жолақты жүгіру жолағынан тұрып, шамамен 8 мың адамды қамтиды.

Қазір қор өңірді дамыту бойынша жаңа бастамаларға ашық екенін мәлімдейді. Өтінімді қалай беру туралы барлық ақпарат сайтта, «Серіктес болу» бөлімінде қолжетімді: www.sk-trust.kz. Сондай-ақ қорда call-орталық жұмыс істейді: +7 (7172) 57-68-98.

Comments are closed.