ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Біз үшін сіздің пікір маңызды! Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдарды сауалнамаға қатысуға шақырамыз

07/04/2022

Достар, біз үшін сіздердің пікір әрқашан құнды! Сондықтан баршаңызды, атап айтқанда үкіметтік емес ұйым өкілдерін, қоғам белсенділерін және басқа да қызығушылық танытқан тараптарды сауалнамадан өтуге шақырамыз.

Сауалнаманы үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүргізеді.

Қор қайырымдылық көмекке қатысты ірі донорлардың бірі болып табылады.

«Samruk-Kazyna Trust» қоры қазақстандық ҮЕҰ-мен бірлесе отырып, әлеуметтік жобаларды жүйелі түрде іске асыру арқылы бүкіл ел бойынша азаматтарға көмектесуге күш салуда. Осы орайда серіктес тараптар үшін барынша ашық және қолжетімді болу үшін кері байланыс алу маңызды.

Тиісті мақсатта сауалнама әзірленіп, оған еліміздегі кез-келген ҮЕҰ қатыса алады.

Сауалнама келесі сілтемеде қолжетімді:

https://docs.google.com/forms/d/12rk0OzYg7oves5JeDtUYP8EB1TlA0fj3T02Im_Ha4rA/viewform?edit_requested=true

Сауалнамаға қатысушыларға қордың қаншалықты қолжетімді екені жайлы, ол туралы ақпаратты табу оңай ма, оның жобалары белгілі ме, сондай-ақ жұмысты жақсарту бойынша өз ұсыныстарын қалдыруға мүмкіндік беріледі.

Қор еліміздің азаматтық сала өкілдерінен шынайы әрі байыпты кері байланыс алуға қуанышты болады.

Добавить комментарий