«Samruk-Kazyna Trust» басшылығы ерекше жасөспірімдерге арналған онлайн-мектептің жұмысымен танысты
05/04/2022
«Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева Қор қызметкерлерімен бірге ерекше білім алу қажеттіліктері бар жасөспірімдерге арналған кәсіптік бағдар беретін онлайн-мектеп — «Leader Z» жобасының қызметімен танысты.
Мектеп қоғамның маңызды мәселелерінің бірі – мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуін шешеді. Қазақстандық мектептерде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдер үшін жүйелі кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жоқ. Жеткілікті ойластырылмаған инфрақұрылым, курстардың ымдау тіліне аудармаларының болмауы және әдіснамалардың бейімделмеуінен ерекше жастар білімі бойынша қатарластарына ілесе алмауда және қоғам өмірінен тысқары қалып жатады. «Leader Z» жобасының маңыздылығы – осы олқылықтың орнын толтыруда.
Қазір мектепте 4 жаңа бағыт бойынша 60 жасөспірім білім алуда: «Мобилография», «Скетчинг», «Scratch!», «STEAM», сондай-ақ негізгі компьютерлік дағдылар.
Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдайды және «ITeachMe» ҚҚ-мен бірлесіп іске асырылады.
«Samruk-Kazyna Trust» бас директорына көптеген жасөспірімдердің қазірден-ақ оқуда жетістіктер көрсетіп жатқаны туралы айтылды. Жақын арада балалар жобалық жұмыстарды дайындайды, ал ең табыстылары «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы» ҚҚ кәсіби курстарында оқуға мүмкіндік алады және одан кейін сұранысқа ие мамандыққа ие болады.
Жобаға қатысушы 13 жасар Іңкәр Әбітайдың айтуынша, балалар өз ісінде кәсіби маман болуға ұмтылып жатыр. Мысалы, ол өзі «Мобилография» курсымен айналысады және болашақта осы салада жұмыс істеуді армандайды. Осының барлығы «Samruk-Kazyna Trust» жобасы мен қолдауының арқасында мүмкін болып отыр.
Добавить комментарий