«Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева Алматыда «Аутизмді жеңеміз» жобасының қызметімен танысты

04/04/2022

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы 2013 жылдан бері қолдап келеді және «Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ-мен бірлесіп іске асыруда.

Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы 2013 жылдан бері қолдап келеді және «Мейірімділік» ерікті қоғамы» ҚҚ-мен бірлесіп іске асыруда.

Жоба аясында аутизм спектрінің бұзылуы бар 60 бала тұрақты негізде тегін баратын оңалту орталығына қолдау көрсетіліп отыр. Мұнда ата-аналарға ерекше балаларды тұрмыстық бейімдеу бойынша семинарлар мен кеңестер өткізіледі.

Қор мәліметінше, өткен жылдың өзінде оңалту орталығының мамандарының арқасында төрт бала әдепкі балабақшаға барып, екі бала жалпы білім беретін мектептегі қарапайым сыныпта оқып жатыр. 35 бала өзіне қызмет көрсету дағдыларын игерсе, 50 бала көзбе-көз қатынасқа түсіп, 15 бала ақпаратты талдау және өңдеу, барлық пән бойынша жаңа білімді қабылдау қабілетін жақсартты. 9 бала инклюзия негізінде жалпы білім беретін мектепте оқиды.

Сондай-ақ, Алматыда қонақтар Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күніне арналған концертті тамашалады.

Балалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өлең оқып, ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнады, би биледі. Оларды Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрінің өнерпаздары қолдады.

Ата-аналар аутист балалармен жұмыс жасауға «Samruk-Kazyna Trust» қорының қосқан үлесіне алғыс білдірді. Олардың айтуынша, Қор балалар мен жасөспірімдердің дамып, жаңа жетістіктерге жетуі үшін көп жұмыстануда. Бұдан тыс, олар ата-аналардың өздері бастамаға белсенді түрде қатысатынын және кейбіреулері балаларды бейімдеуге қатысты өз білімдерін қолдану үшін жоба аясында жұмысқа орналасатынын атап өтті.

Comments are closed.