«Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиеваның ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевтың жолдауына қатысты хаты

28/03/2022

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өзінің 16 наурыздағы жолдауында азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға ерекше назар аударды. Президенттің айтуынша, еліміздің тұрақты және жан-жақты дамуының маңызды факторы қоғамдық ұйымдардың қызметі болып табылады. Елдегі коммерциялық емес ұйымдармен жұмысты көптеген жылдар бойы «Samruk-Kazyna Trust» қоры жүргізіп келеді. Қор миллиондаған қазақстандықтардың өмірін өзгерткен көптеген әлеуметтік бастамаларды іске асырды.

Жүйелік әдістер

Қор жыл сайын мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға, олардың білім алуын ұйымдастыруға, бейімделген спортпен айналысу үшін мүмкіндіктер жасауға, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға, жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға, ардагерлер мен тыл еңбеккерлерін қолдауға, өңірлердің спорттық инфрақұрылымын дамытуға және өзге де мақсаттарға бағытталған ондаған жобаларды іске асырады. Бұл жұмыс КЕҰ - мен бірлесіп жүргізілуде. Олар қоғамдық мәселелерді шешуге бағытталған түрлі бастамаларды іске асыруды ұсынады.  

«Samruk-Kazyna Trust» жеке азаматтарға адрестік және біржолғы көмек көрсету практикасынан бас тартты. Оның орнына, Қор елдің барлық 17 өңірінде жүйелі жобаларды іске асыратын КЕҰ-ны қолдайды.

Мысалы, отбасы көмек сұрап жүгінетін БЦП бар бір балаға көмектің орнына Қор елдің әртүрлі өңірлерінде оңалту орталықтарын құруға бағытталған әлеуметтік жобаға бастамашылық ететін КЕҰ-ны қолдайды. Нәтижесінде осындай диагнозы бар мыңдаған балалар көмек алады.

Донорлық көмекке мұқтаждықтан арылу

Азаматтық қоғаммен жұмыс істеу – «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының жұмысындағы №1 басымдық». Бұл ретте өзара іс-қимыл КЕҰ-ны донорлық көмекке мұқтаждықтан арылту үшін жасалған. Айталық, біз ерекше балаларға арналған спорт секцияларын ашу жобасын іске асырып жатырмыз. Қор секцияларды ашуға көмектеседі, оларды қажетті спорттық жабдықтармен қамтамасыз етеді. Содан кейін жоба мемлекеттік қаржыландыруға көшеді, Қордың көмегі осымен тоқтатылады. Мысалы, Қор балалар медициналық мекемелерін жабдықтармен қамтамасыз етеді. Бірақ біз орталықтарды өз жобамыз ретінде жүргізбейміз, жергілікті ауруханалардың еншісіне береміз. Осылайша, біз жобалық менеджмент мәдениетін қалыптастырамыз, әрбір бастама – бұл белгілі бір мерзімдермен белгіленген жоба.

Ашықтық пен айқындықты арттыру

Мемлекет басшысы өз жолдауында атап өткендей, азаматтық сектор қызметінің ашықтығы мен айқындығы маңызды. Биылдан бастап біздің Қор да осы бағыттағы өзгерістерге бастамашы болады. Жақында қызығушылық танытқандарға кері байланыс беру үшін call-орталық іске қосылды. Өңірлердегі әлеуметтік мәселелер бойынша сарапшылармен, белсенділермен, журналистермен және КЕҰ-мен үнемі кездесулер өткізіліп тұрады, Қор қызметі туралы есептер үнемі жарияланып тұрады. Сондай-ақ, еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы азаматтарды хабардар ету үшін жаңа бөлімдер құрылатын сайттың жұмысында елеулі өзгерістер жоспарлануда.

Жобаларды Қормен бірлесіп іске асыратын КЕҰ ашықтығын ынталандыру үшін де көптеген жұмыстар атқарылуда. Олармен жасалған шарттарда өз қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, әлеуметтік желілерді жүргізу, атқарылған жұмыс туралы есептілікті тұрақты тапсыру бойынша міндеттемелер жазылады.

Бұл жұмыс - Қордың елдегі азаматтық секторды нығайту үшін іске асырып жатқан аз ғана бөлігі. Қормен серіктестікте жұмыс істей отырып, КЕҰ білім алады, тәжірибе мен сараптама алады, өз қызметінде тиімділік пен ашықтықты тұрақты түрде арттырады. Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады. Бұл ретте, Қордың жұмысы қоғамдық сұрау салу мен азаматтардың пікірін негізге ала отырып жетілдірілетін болады.

«Samruk-Kazyna Trust» Бас директоры

Альфия Адиева

 

 

 

Comments are closed.