КЕҰ қайырымдылық көмекке қалай өтініш береді? «Samruk-Kazyna Trust» Саll-орталығын іске қосты

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өзінің Call-орталығын іске қосады.

Call-орталыққа кез келген адам қоңырау шалып, өз сұрақтарына Қор қызметкерлерінен тікелей жауап ала алады. Қорға жиі келіп түсетін сұрақтар қайырымдылық көмек алуға өтінім беруге қатысты болады. Сондықтан, бірінші кезекте, call-орталықта өтініш білдірушілерге өтінімді қалай дұрыс беру керектігі, бұл үшін қандай құжаттар пакеті қажет екендігі және өтінім беру алгоритмі кезең-кезеңімен түсіндіріліп, консультация берілетін болады.

Сall-орталық нөмірі: +7 (7172) 57-68-98

Call-орталықты іске қосу Қордың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамалардың бірі болып табылады

2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» қоры денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, бұқаралық спорт, мәдениет және өңірлерді дамыту салаларында 30-дан астам ірі әлеуметтік жобаны іске асырды. Бұл жобалардың көпшілігі Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылады. Нәтижесінде жарты миллионға жуық қазақстандық көмекпен қамтылды. Қор үшін КЕҰ-дардың өкілдері әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыруға өтінімді дұрыс және қиындықсыз бере алуы маңызды. Осы мақсатпен call-орталық іске қосылған болатын.

Call-орталық дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін (түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:00-ге) жұмыс істейді.

Сондай-ақ, info@sk-trust.kz поштасына өтініштер қалдыруға болады.

Пікір үстеу