Жамбыл Жабаев туралы фильмнің ұйымдастырушылары балалар арасында кастинг өткізілетінін хабарлайды

01/03/2022

1 наурыз күні «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильміндегі балалар рөліне актерларды бекіту үшін кастингтің 1-кезеңі басталады.

Фильмнің ұйымдастырушылары әр түрлі ұлт өкілдері мен әр түрлі келбеттегі  5 пен 9 жас аралығындағы дарынды балаларды іздейді. Бұл кастинг халықтың әлеуметтік осал топтарының арасында,  ерекше балалар (мүмкіндіктері шектеулі балалар) арасында өткізіледі. Түсірілімге қатысу тәжірибесі ескерілмейді. Кастинг балаларды кинематография саласына, актерлік шеберлікке баулу мақсатында «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ұсынысы бойынша жүзеге асырылды.

Фильмде ақын өмірінің соңғы тоғыз жылы көрсетіледі. Жамбыл Жабаев рөлін Қазақстанның Халық әртісі Досжан Жанботаев сомдайды. «Жамбыл. Жаңа дәуір» кинокартинасының түсірілімінің 1-кезеңі 2021 жылы күзде жүргізіліп, экран уақыты бойынша 60 минуті түсірілді.

 Бүгінде фильмнің түсірілім тобы екінші кезеңнің дайындығын бастап кетті. Бұл кезең бойынша балалар арасында кастинг өткізу туралы шешім қабылданды. Кастингке қатысқысы келген әрбір үміткер https://jambylfilm.kz/ru/casting сілтемесі арқылы онлайн-форматта қазірдің өзінде өтінім жібере алады. 

Кастинг үш кезеңнен тұрады. Бастапқы кезеңдерде іріктеуді кинотуындының кастинг-директоры Диана Қыдыр өткізеді. Актерлардың рөлдерге түпкілікті таңдау мен бекіту туралы шешімді кәсіби қазылар алқасы қабылдайды.  Кәсіби қазылар алқасының құрамы кейінірек жарияланады. Балалар кастингке қатысу арқылы актерлік шеберліктің кәсіби дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік алады. Сондай-ақ фильмдегі рөлге үміткер болады.

 «Жамбыл. Жаңа дәуір» көркем фильмі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда. Фильмнің өнідіріс жұмысымен «Мәдениет және шығармашылық бастамаларды қолдау қоры» қоғамдық қоры айналысады.

Comments are closed.