ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Құрметті әріптестер! Қадірлі достар! «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры сіздерді келе жатқан 2022 жылмен шын жүректен құттықтайды!

31/12/2021

2021 жыл оңай болған жоқ. Аталмыш жыл пандемиядан қайта қалпына келу жылы болды. Осыған қарамастан, «Samruk-Kazyna Trust» қоры халық үшін әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды іске асыруды жалғастырды. Осы жыл ішінде біз денсаулық сақтау, білім беру, бұқаралық спорт, мәдениетті дамыту, өңірлерді кешенді дамыту, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту салаларындағы 32 әлеуметтік жобаны, сондай-ақ халықтың осал әлеуметтік топтарын қолдауға бағытталған жобаларды және басқа да бастамаларды қолдадық. Жарты миллионнан астам адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Өтіп бара жатқан жыл қызықты оқиғалар мен жетістіктерге толы болды деп нық сеніммен айта аламыз. Маңызды бастамалардың бастамасы қаланды. Жаңа жобалар қазақстандықтар мен олардың отбасыларына үлкен пайда әкеледі деп үміттенеміз.

Жаңа жыл - бұл жаңа күнтізбенің басы ғана емес, бұл - жаңа үміт, жаңа табыстар мен жеңістер. Samruk-Kazyna Trust командасы баршаңызды жаңа жылмен құттықтайды! Біз сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және жаңа мүмкіндіктер тілейміз. Сәттілік сіздің бастамаларыңызбен бірге болсын, өміріңіз жаңа бастамалар мен қуанышты оқиғаларға толы болсын.

Бақытты болыңыз және әлемге мейірім сыйлаңыз!

 

Ізгі ниетпен,

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры.

Добавить комментарий