Ересектер мен балаларға қуаныш: Маңғыстау облысында заманауи спорт кешені ашылды

10/12/2021

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тұрғындары үшін үлкен және заманауи көпфункционалды спорт кешені ашылды.

Спорт кешенінде еркін және грек-рим күресі, дзюдо, кекушинкай, таэквондо, қазақ күресі, муай-тай, кудо, грэпплинг және т.б. спорт түрлерімен айналысуға барлық жағдай жасалған. Сондай-ақ, кешенде мини-футбол, волейбол, баскетбол және теннис алаңдары, бокс рингі және екі жолақты жүгіру жолдары орналасқан. Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін шешінетін бөлмелер мен жанкүйерлердің жылжымалы трибуналары орнатылды.

Сондай-ақ, кешен қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған: шағын футбол, баскетбол доптары, теннис ракеткалары және шарлар.

Кешен ауа райына қарамастан жыл бойы жұмыс істейтін болады. Орталық анкерлік жүйенің көмегімен негізге бекітілген екі қабатты ауа өткізбейтін мембранамен жабылған. Бұл дизайн қыста жылуды және жазда салқындықты сақтауға мүмкіндік береді.

«Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Маңғыстау мұнайының 30 жылдығы аясында Жаңаөзен қаласында халықтың игілігіне тағы бір заманауи спорт нысаны пайдалануға берілмек. Бұл нысан спорт сүйер қауым үшін ғана емес, тұтас жаңаөзендіктер үшін маңызды оқиғаға айналды, себебі салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен айналысам деушілердің саны өте көп. Бұл бірінші кезекте спортқа қаламызда қызығушылықтың артып келе жатқандығының кепілі деп айтуға болады және бұл кешенде талай жерлестеріміз, әлемге белгілі спортшыларымыз Әділбек Ниязымбетов, Бекзат Нұрдәулетов тәрізді чемпиондар тәрбиленіп шығатынына сенімдімін!», - Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров өз сөзінде атап өтті.

Спорт кешені «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен ашылды.

«Бұл Қазақстанда Қор бастамасымен ашылған екінші ауқымды спорт кешені. 2022 жылға дейін осындай спорт кешендері тағы 10 аймақта пайда болады. Бұл бастама кем дегенде 35 мың адамды қамтиды деп жоспарлануда. Бұл кешенді аша отырып және басқа да әлеуметтік жобаларды іске асыра отырып, «Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан жүзеге асатынын атап өту маңызды. Компаниялар тобының құрамына Маңғыстау облысында орналасқан ұйымдар да кіреді: «Өзенмұнайгаз», «Қаражанбасмұнай», «Қазақтеңізкөлікфлоты», «CASPI BITUM» және тағы басқалары», - өз сөзінде «Samruk-Kazyna Trust» Бас директорының орынбасары Сергожа Қалиасқаров атап өтті.

Comments are closed.