Атырауда алғаш рет церебралды сал ауруы бар балаларға арналған шағын орталық және инклюзивті спорт секциялары ашылды
29/10/2021
29 қазан Атыраудың кішкентай «ерекше» тұрғындары үшін шексіз мүмкіндіктер күні болды. Қалада алғаш рет БЦП бар балаларға арналған шағын жинақты орталық өз есігін ашты. Мүнда түзету-педагогикалық көмектен бөлек, балалар мен жастар үшін адаптивті футбол және бочча бойынша спорт секциялары ашылды.
Бұл іс-шаралардың басты ұйымдастырушылары - «Жан-Еркемай» және «Мир равных возможностей» Қоғамдық қорлары.
«Шағын орталық құру идеясы Нұр-Сұлтан қаласына қызымызбен «Балам-ай» орталығына барған кезде пайда болды. Бұл орталыққа аптасына 5 рет барып, түзету-педагогикалық көмек пен физикалық оңалту алуға болады. Мен туған қалам Атырауға көшіп келгенімде, «Балам-ай» орталығының негізін қалаушы, қазір марқұм Жасанова Камка Мәдиқызы осындай орталықты құру тәжірибесімен және моделімен бөлісті. Біздің орталықтың ашылуын қолдағандардың барлығына алғыс айтқым келеді. Атырау қаласы әкімдігінің қолдауының арқасында бізге қажетті үй-жайды сенімгерлік басқаруға берді, ал «Жарқыра» әлеуметтік жобасының грантының арқасында «Теңіз Шевроил» компаниясының қаржылық қолдауымен ЕДШ залдарын, сенсорлық бөлмені, тұз шахтасын толық жабдықтадық. Енді біздің қабырғаларымызда БЦП диагнозы бар кемінде 40 бала жүйелі негізде кешенді қолдау алып, тіпті спортта да жан-жақты дами алады! Сондай - ақ, бүгін «Мир равных возможностей» астаналық қорымен бірлесе отырып, біздің «ерекше» балаларымыз үшін спорт әлеміне есік аштық», - дейді «Жан-Еркемай» ҚҚ директоры, шағын орталықтың негізін қалаушы және төрт баланың анасы Әлия Құбаева.
Атырау осымен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Саламатты болашақ» жобасы іске қосылған он алтыншы қалаға айналды.
«Бүгін біз шағын орталық қабырғасында бочча секциясын және «Alico Engineering» ЖШС серіктестігімен «Olympic» спорт кешенінде бейімделген футбол секциясын аштық. Енді балалар спорт секцияларына тегін қатыса алады», - деді «Мир равных возможностей» ҚҚ директоры Нұргүл Ұлжекова.
«Саламатты болашақ» жобасының аясында бүкіл ел аумағында 700-ден астам «ерекше» бала жүзу, каратэ, футбол, голбол, бочча, дзюдо, хореография, таэквондо, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерімен айналысады. Жоба аясында жаттықтырушылар мамандардан бейімделген дене шынықтыру әдістері мен құралдарын, әртүрлі диагнозы бар балалармен жұмыс ерекшеліктерін үйренеді. Сондай-ақ, мамандар дені сау балаларды бірлескен жаттығуларға тарта отырып, жұмыста инклюзивті тәсілдерді қолданады. «Samruk-Kazyna Trust» Қоры жаттықтырушылардың еңбегіне ақы төлеу, секцияларды мамандандырылған спорт жабдықтарымен жарақтандыру және оқу-әдістемелік сүйемелдеу жөніндегі шығыстарды өз мойнына алады. Болашақта секцияларды мемлекеттік спорттық тапсырысқа ауыстыру жоспарлануда.
Барлық сұрақтар бойынша:
«Мир равных возможностей» ҚҚ, Ұлжекова Н.Т. 8 701 710 70 68
«Жан-Еркемай» ҚҚ, Құбаева Ә. К. 8 701 844 03 80
Добавить комментарий