«МЕКТЕП OnLine» әлеуметтік жобасының бейне-сабақтары 10 миллионнан астам қаралым жинауда

19/10/2021

Оқушыларға арналған «МЕКТЕП OnLine» жобасының тегін бейне-сабақтары жалпы алғанда 10 миллионға жуық қаралым жинады. 5-11 сынып оқушыларына арналған математика/геометрия, физика, химия және биология пәндері бойынша сабақтар YOU TUBE платформасында қазақ және орыс тілдерінде қол жетімді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес қаралымы мен тіркелушілер саны бойынша  «MEKTEП OnLine MATEMATИKA» арнасы көш бастап тұр. Алайда өзге де негізгі пәндер бойынша сабақтар тек Қазақстанда емес жақын шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Жоба авторлары оқушылардың қол жетімді және қызықты білім алуларын қамтамасыз ету мақсатында барлық пән бойынша білікті мамандарды жұмылдыра отырып «МЕКТЕП OnLine» жобасын жарыққа шығарды. 

Екі жыл бұрын өз жұмысын бастаған  «МЕКТЕП OnLine» жобасы  карантин кезінде онлайн оқу форматына ауысқан оқушыларға таптырмас көмекші құрал болды. Бар болғаны 10-14 минутқа созылатын бейне-сабақта мүғалімдер мектеп бағдарламасының жүйесіне сәйкес қиын тақырыптың өзін жеңіл әрі түсінікті жеткізеді. Осындай әдістің арқасында оқушылардың білімі шыңдалып отырғандығын әр бейне сабаққа жазылған пікірлерден аңғаруға болады:

«Рахмет сабақтарды жақсы түсіндіресіз»

«Сіздерге көп рақмет. Сабақтар өте түсінікті, керемет әрі нақты. Сәттілік тілеймін!»

«Рахмет апай мен тұсіндім»

«Сабақты өте жоғары деңгейде түсіндіреді, дауыс интонациясы өте жағымды.»

«Алгысым шексіз өте керемет түсіндіресіз»

«Мен осы тарауды өтіп жатырмын дым түсінбеп едім енді түсіндім үлкен рахмет»

«Сіздің түсірген әр видеоңыз сондай түсінікті және керемет»

«Рахмет!!! Сізді көрмей бұл тақырыпты мүлдем түсінбейтін мін, сізді көріп бірден қағып алдым»

«Мен нишқа дайындалып жүргем Осындай есептер келген сізді көрдімде түсініп алдым»

(автор пікірлері өзгеріссіз қалдырылды)

Бүгінгі таңда үш мыңнан астам бейне сабақ жарыққа шығарылды. Бейне сабақтар санының үздіксіз артуы миллиондаған қаралым мен 200 000 оқырман жинады. «МЕКТЕП OnLine» жобасына жұмылдырылған мұғалімдер тәжірибелі әрі білікті мамандар: мектеп оқулықтары мен оқу әдістемелірінің авторлары, көптеген  сайыстың жүлдегерлері және марапат иелері.

Алдағы уақытта басқа пәндер мен бастауыш мектеп бағдарламасы бойынша сабақтар  түсіру жоспарда бар.

Алматы облысы Талғар орта мектебінде білім беретін математика пәні мұғалімі Рафикова Эльмира Ринатқызының айтуынша: «YOUTUBE платформасы балалармен байланысуда таптырмас құрал. Платформа арқылы оқушылар өз сұрақтарын қойып, алғыс айта алады».

«МЕКТЕП OnLine» жобасы білімді жастар дайындауды мақсат еткен мүдделес топтың бастамасы. Мен бұл жобаға сендім. Әрине, қорқыныш болды. Бірақ, бала-біздің болашағымыз. Сондықатан, олардың жақсы білім алуы бірінші кезекте еліміз үшін маңызды. Осы жобаны бірінші болып білген «Kaspi Bank» АҚ басшысы Вячеслав Кимнің қолдауымен идея жүзеге асып, түсірілім басталды. Балаларды қолдау мақсатында жыл ортасынан  «Samruk-Kazyna Trust» компаниясы жобаға үлес қоса бастады.

Бұл жоба ұзақ уақыт бойы балаларға болашақ мамандық таңдау, елді көркейту жолында таптырмас білім көзі болмақ. Сондықтан да, өскелең ұрпақтың білімін арттыру біздің басты мақсатымыз.

 

«МЕКТЕП OnLine МАТЕМАТИКА»

https://www.youtube.com/channel/UCIIzV1CL8Gdt9FLJGfceejw

 

«МЕКТЕП OnLine ХИМИЯ»

https://www.youtube.com/channel/UCpofPwzTw_pVxykigaguwPg

 

«МЕКТЕП OnLine БИОЛОГИЯ»

https://www.youtube.com/channel/UCiK0AUHBb5BYq0q0aolx3Lg

 

«МЕКТЕП OnLine ФИЗИКА»

https://www.youtube.com/channel/UCQkg3Grp7cAuHTXIjTxaaiQ/featured

 

Comments are closed.