ШҚО – да алғаш рет «ерекше» балаларға арналған тегін спорт секциялары ашылды

14 қазан күні «Өскемен балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де тірек-қимыл аппаратының ауыр зақымдануы бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бочча» бейімделген спорт секциясының ашылуы өтті. Сонымен қатар, қараша айында адаптивті жүзу секциясын іске қосу жоспарлануда.

«Бочча - паралимпиадалық спорт түрлерінің бірі және Ежелгі Грецияда пайда болған және шынымен инклюзивті болған ойын. Аталған спорт түрімен дене шынықтыру деңгейіне қарамастан балалар да, ересектер де ойнады. Бірте-бірте бочча церебральды сал ауруы және тірек-қимыл аппаратының басқа зақымдануы бар адамдар үшін белсенді дамып келе жатқан спорт түрлерінің біріне айналды. Ойын ептілікті, шыдамдылықты дамытады, адамның өзін-өзі тануына жағымды әсер етеді. Біздің қаламызда секциялар ашылғанына өте қуаныштымыз, енді біздің қамқорлығымыздағы балалар тұрақты негізде айналыса алады, ал үздік спортшылар жарысқа қатыса алады», - дейді орталық директоры Ольга Батуева.

Бочча секциясының ашылу салтанатына «Мир равных возможностей» ҚҚ директоры Нұргүл Ұлжекова, дәрігер-реабилитолог Нұрхожаева Айнұр Мырзаханқызы, Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жасұлан Сәрсебаев, «Өскемен балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ директоры Ольга Батуева, сондай-ақ жас спортшылар мен олардың ата-аналары қатысты.

Өскеменде С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында қараша айынан бастап адаптивті жүзу бойынша тағы бір инклюзивті балалар спорт секциясы ашылатын болады.

Секция жұмысын бас серіктес – «Samruk - Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен жүзеге асырылатын «Саламатты болашақ» әлеуметтік жобасы аясында Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен «Мир равных возможностей» астаналық қоғамдық қоры ұйымдастырады. Бас әріптесті қолдау жоба жаттықтырушыларын жалақымен, Бейімделген дене шынықтыру бойынша оқытумен, оқу-әдістемелік сүйемелдеумен қамтамасыз етеді. Өскемен жоба іске асырылып жатқан Қазақстанның он бесінші қаласы болды. Секциялармен барлығы 700 астам бала қамтылған.

Пікір үстеу