Тараз қаласында 1700 шаршы метрлік жаңа спорт алаңы ашылды.

08/10/2021

Тараз қаласы, Арай-2 мөлтек ауданында жаңа әмбебап спорттық және ойын алаңы ашылды. Бұл облыс орталығының жасөспірімдері, жастары мен ересектері үшін нағыз сыйлық болды.

Алаңша бірнеше аймақтардан тұрады - жасанды төсеніші бар кіші-футбол алаңы, көше тренажерлары және әткеншектері, сырғанақтары мен құмдары бар балаларға арналған ойын алаңы. Алаңның периметрі бойынша орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған. Осындай бір кешеннің ауданы 1702 шаршы метрді құрайды.

Алаңның ашылуына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Samruk-Kazyna Trust қорының өкілдері қатысты.

Мұндай алаңдар балаларға да, ересектерге де қол жетімді, оларға кіру мүлдем тегін. Алаңдар салауатты өмір салтын насихаттау және балалардың бұқаралық спортын дамыту, қалалар мен елді мекендердің тұрғындарын заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында орнатылған.

Әмбебап алаңдарды орнату жобасын «Менің елім» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компанияларының барлық тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

Орнатқаннан кейін алаңшалар олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және функционалдылықты сақтау үшін жергілікті атқарушы органдардың теңгеріміне беріледі.

«Біз жаңа кешендер балалар мен жасөспірімдердің спорттық әлеуетін ашып, олардың жаңа спорттық жетістіктерге жеткізетін алаңға айналады деп сенеміз. Жалпы алғанда, «Самұрық-Қазына» қоры»                                         «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының атынан Жамбыл облысында осындай төрт алаңша ашты: Арай-2 және Қаратау мөлтек аудандарында, Байзақ пен Қордай аудандарында», - деп «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Іргебаев Мирас атап өтті.

Жергілікті тұрғындарды алаңға ұқыпты қарауға, оның аумағындағы құрылыстарды бұзбауға және қоқыстарды шашпауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, әмбебап алаңдарды орнату жобасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға және жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасының жоғары стандарттарына қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Menin Elim» әлеуметтік инвестициялық бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Comments are closed.