Ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының еріктілері көмек көрсетті

01/10/2021

Акция 1 қазанда атап өтілетін Халықаралық қарттар күніне орайластырылған. «Самұрық-Қазына» АҚ (SK Volunteer) компаниялар тобының еріктілері Нұр-Сұлтан қаласының 40 ардагері мен тыл еңбеккерлеріне барып, азық-түлік себеттерін сыйға тартты және олардың оқиғаларын тыңдады. Еріктілер санитарлық қауіпсіздіктің шараларын сақтай отырып, әрбір азық-түлік боксын үйге жеткізді.

«Мұндай акциялар қарт адамдар үшін ғана емес, ең алдымен жастарға қажет.  Өйткені бізде зейнеткерлермен, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан адамдармен тілдесудің бірегей мүмкіндігі бар. Біз тек көмек көрсетіп қана қоймай, ардагерлермен үлкен қуанышпен сөйлестік», - деп атап өтті еріктілердің бірі.

Бұл күн үлкендерді қорғау және құрметтеу керектігін еске салады. Бұл күні біз үлкендерге олардың әр түрлі қызмет салаларын дамытудағы еңбегі үшін құрмет көрсетеміз.

Акция «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы аясында, «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен, Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникация орталығымен серіктестікте өткізіледі.

«Жеңіс» жобасы аясында 4 315 волонтерлік рейд жүргізілді, оның шеңберінде 1 867 ҰОС ардагері мен тыл еңбеккерлері қамтылды.

Естеріңізге сала кетейік, SK Volunteer еріктілер лигасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының барлық мүдделі қызметкерлерін біріктіреді. http://volunteer.sknews.kz сайтында өтінім беру арқылы волонтер бола аласыз.

Еріктілер лигасындағы волонтерлік төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады: Qamqor - мұқтаждарға қамқорлық көрсету, Umit – қоғамдық волонтерлік, Asylmura – Қазақстан тарихын сақтауға жәрдемдесу, Taza Kazakhstan – табиғатты сақтауға үлес қосу.

Comments are closed.