«Әрекет» гранттар байқауына өтінімдер қабылдау 24 қыркүйекке дейін ұзартылды

20/09/2021

Мұндай шешім ұйымдастыру комитетіне қатысушылар тарапынан қосымша құжаттар жинау үшін өтінімдер қабылдау уақытын ұзарту туралы көптеген өтініштер түскеніне байланысты қабылданды.

Байқауға әлеуметтік бастамалардың барынша көп саны өтінім беруге мүмкіндік алуы үшін, ұйымдастыру комитеті өтінімдер қабылдауды 24 қыркүйек күні сағат 00.00-ге дейін ұзартты.

Өтінімді Қордың сайтында қалдыруға болады:

www.sk-trust.kz/ru/competition

Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысуға елімізде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға ниет білдірген барлық КЕҰ шақырылды.

Қатысушылар білім беру бағдарламасын өту мүмкіндігі үшін бәсекеге түсіп, нәтижесінде үш миллион теңгеге дейін грант ұтып ала алады.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының бастамасымен бүкіл ел аумағында жүзеге асырылуда.

Байқау қалай өтеді?
Бірінші кезең: тілек білдірушілердің өтінімдері жиналып, содан кейін комиссия олардың Конкурс шарттарына сәйкестігін тексереді.
Екінші кезең: қатысушылар әлеуметтік кәсіпкерлік, маркетинг, қаржы және бизнестің заңдық аспектілері туралы «Инкубатор» немесе «Акселератор» оқыту бағдарламаларының бірінен өтеді. Оқыту онлайн өтеді. Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалистер анықталып, олар өздерінің әлеуметтік жобаларын конкурстық комиссияға ұсынатын болады.

Comments are closed.