Soft skills және мобилография. «Ерекше» жасөспірімдерге кәсіби бағдар беретін онлайн-мектеп есігін ашты

08/09/2021

Қазақстандағы жаңа жоба – «Leader Z» кәсіптік бағдарлау онлайн-мектебі – оқыту үшін өтінімдер жинауды ашты. Жобаға қатысуға Қазақстанда тұратын 13 жастан 19 жасқа дейінгі мүгедектігі бар жасөспірімдер шақырылады.

«Leader Z» балаларға болашақта жұмысқа орналасу үшін кәсіби дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өз-өзіне күмәндануды жеңуге көмектесетін тегін кешенді оқыту бағдарламасы болып табылады.

Оқыту үш айға созылады. Бастапқы кезеңде оқушылардың мықты және дамытуды қажет ететін қабілеттері анықталып, жеке профайл қалыптастырады.

Екінші кезеңде негізгі компьютерлік дағдылар оқытылады: браузермен, электрондық поштамен, қосымшалармен және бағдарламалармен жұмыс. Әрі қарай, профиль мен оқушылардың қалауларына сүйене отырып, жасөспірімдер мобилография, эскиздер, scratch және STEAM курстарына бөледі.

Барлық курстар балалар үшін қол жетімді және әртүрлі бағыттарға ие. Мысалы, скетчинг балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі, ал мобилография уақытының көп бөлігін қолындағы смартфонмен өткізетін балаларға арналған.

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «ITeachMe» қоғамдық қоры іске асырады.

«Біз Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытуға басымдық береміз. Кәсіби бағдар беру онлайн-мектебі де - бұл жасөспірімдерге жаңа таланттар мен дағдыларды ашуға және дамытуға, сондай-ақ олардың болашақта өзін-өзі қамтамасыз ете алатын үздік маман болу мүмкіндігі бар екенін түсінуге көмектесетін ерекше жоба», - деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Оқыту қорытындысы бойынша әрбір жасөспірім бизнес-компанияға экскурсиялардың арқасында таңдалған бағытпен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады.

«Бүгінде бизнес өкілдері «ерекше» қажеттіліктері бар адамдармен ынтымақтастыққа дайын. Біздің жобаларымыздың мысалында біз қазір цифрландыру дәуірінде жұмыс берушілер физикалық шектеулерге емес, кәсіби дағдылар мен soft skills-ке назар аударатынына көз жеткіздік. Бұған біз «Leader Z» онлайн-мектебінде басты назар аударамыз, - деп атап өтті «ITeachMe» қорының басшысы Захира Бегалиева.

Онлайн-кәсіптік бағдар беру мектебінің оқушысы болу үшін сілтеме бойынша өтінімді толтыру қажет:

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeZsNYogCDEPy1NRZzINlwDTnO5K_x8T3ZRo8ZvwfSg3XgIog/viewform?usp=sf_link

Өтінімдерді қабылдау 15 қыркүйекке дейін жалғасады.

«Leader Z» жобасы туралы толығырақ ақпарат iteachme.kz сайтында және +7 (702) 286 27 16 телефоны бойынша. қол жетімді.

Comments are closed.