ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры 2020 жылы 115 000 адамға көмек көрсетті

28/06/2021

«Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі 2020 жылдың қайырымдылық бағдарламасының орындалу есебін бекітті. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы — «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры — 2020 жылы әлеуметтік маңызы бар 30 жобаны іске асырды және 115 000 адамға көмек көрсетті.

Жобалар негізгі төрт бағыт бойынша іске асты: әлеуметтік және медициналық сектордағы адамдарға, қоғамдастықтарға көмек көрсету, медиа, мәдени қауымдастықтарды дамыту, адами әлеуетті дамыту және әлеуметтік инвестициялардың өңірлік бағдарламасын іске асыру.

Пандемиямен күрес аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, оның нәтижесінде еліміздің медициналық мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Ауруханалар мен емханаларға 1000 пульсоксиметрл, 250 оттегі концентраторы, 50 ӨЖЖ аппараты, 92 санитарлық машина сатып алынды.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қорымен серіктестік барысында Қазақстанның 8 өңірінде оңалту орталықтары мен мүгедек балаларға арналған 1 катамнестикалық кабинет ашу жөніндегі ауқымды жоба іске асырылды. Енді жыл сайын БЦС, нейро-ортопедиялық және басқа да ауытқулары бар 5 000-ға жуық бала Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау, Түркістан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласындағы орталықтарда заманауи жабдықталған орталықтарға көмек ала алады.

Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» қоры көздеген стратегиялық мақсаттарды орындауын жалғастыруда. Осылайша, Қазақстанның түрлі өңірлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар 460-тан астам баланы қамтуға мүмкіндік беретін 3 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті және 7 инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды. Нұр-Сұлтан қаласында 4 әмбебап спорт алаңы орнатылды.

Пандемияға байланысты көптеген жобалар онлайн форматқа ауыстырылды. Мысалы, отбасылық аула клубтарының балалары интернет желісі арқылы үйірме сабақтарын жалғастырды. Бейімделген секциялардың қатысушылары да онлайн арқылы бейімделген спортпен айналысты. Сонымен қатар, карантиндік шаралардың жеңілдеуіне байланысты Павлодар, Ақсу, Қарағанды және Жаңаарқа ауданы, Арал, Шымкент, Алматы, Ақтөбе, Ақтау сияқты бірқатар аймақтарда бейімделген дене шынықтыру секциялары ашылды. Бүгінде 600-ге жуық мүгедек бала бейімделген спорт түрлерімен айналысады.

Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі. «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылықтың бірыңғай операторы арқылы Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік жобалар мен бағдарламалар іске асырылады.

2020 жылғы жобалардың нәтижелері туралы толық ақпарат «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми сайтында Жылдық есепте баяндалған - www.sk-trust.ibitrix.kz.

2021 жылы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының жұмысы жалғасуда. Қазақстанның 12 өңірінде футбол, баскетбол, волейбол, теннис және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған ауатіректік құрылыстар базасында спорт кешендерін ашу, сондай-ақ 10 жаңа оңалту орталықтарын іске қосу, отбасылық аула клубтарын ашу және тағы басқа жоспарлар көзделген.

Добавить комментарий