Зерделі демалыс: елордалық аула клубтарының тәрбиеленушілері үлкен сахнада спектакль қойды

09/06/2021

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының сахнасында «Замандас» отбасылық аула клубының театр студиясының жас актерлері дайындаған «Уақыт дөңгелегі» спектаклінің премьерасы өтті.

Шығыс ертегілерінің желісіне негізделген «Уақыт дөңгелегі» спектаклі билік пен үстемдікке деген еліктіргіш сезімнің адам өмірін оңай басқаратыны жайлы хикая. Үлкен сахна - «Уақыт дөңгелегі» кілтін иемдену үшін ізгілік пен зұлымдықтың, жақсылық пен жамандықтың күресі алаңына айналды.

«Замандас» отбасылық аула клубтары халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтардың 2 500-ден астам балалары Нұр-Сұлтан қаласындағы 5 аула клубына қатысады. Мұнда олар қосымша білім алып, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге қатысады. 20-дан астам шығармашылық, спорттық және білім беру секциялар мен үйірмелер, соның ішінде арт-терапия, вокал, актерлік шеберлік, хореография, тоғызқұмалақ және басқалары бар.

2013 жылдан бастап клубтардың жұмысына «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдау көрсетуде.

«Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев: «Өкінішке орай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша, елімізде әлі күнге дейін аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды (68,0%), сондай-ақ ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды (54,7%) қосымша білім берумен қамтудың төмен деңгейі сақталуда. Тиісінше, балалар мен жасөспірімдер сыныптан тыс білім ала алатын және шығармашылық дамуы жоғары болып қалатын дамыту орталықтарын құру қажеттілігі жоғары болып қалуда», - деді.

Оның айтуынша, «Замандас» отбасылық аула клубтары көптеген балалардың бос уақытын ұйымдастыру және кәсіптік бағдар беру арқылы осы мәселені шешуге бағытталған жоба.

Comments are closed.