Петропавлда инклюзивті білім беретін Ресурстық орталық ашылды

14/05/2021

Петропавлда №27 жалпы білім беретін мектеп базасынада инклюзивті білім беруге арналған ресурстық орталығы ашылды. Аталмыш ресурстық орталық білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беру мектептерінде оқуына тиімді мүмкіндік жасау үшін қажет.

Бұл ресурстық орталық – инклюзия қағидаттарын жүзеге асыруда мұғалімдерге көмек көрсету үшін және білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларға сыныпта және мектепте кедергісіз орта қалыптастыру үшін құрылған мектеп кеңістігінің бір бөлігі.

Облыстық білім басқармасының деректері бойынша, Петропавлда білім алуында ерекше қажеттіліктері бар 1500-ден астам бала тұрады, оның ішінде 389 бала қала мектептерінде оқиды. Әрине, «Ерекше» балалар мектеп пен оқытушылар құрамы тарапынан ерекше қарым-қатынасты талап ететіні сөзсіз. Атап алғанда әдістемелік, ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау, қоршаған ортаға бейімдеу, жеке білім беру бағыттарын құру және кей жағдайларда арнайы мұғалімдердің қолдауы да қажет.

Айта кетейік, бүгінде Петропавлда 2 ресурстық орталық, сондай-ақ психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істеуде. Олардың барлығы «Дара» ЖҚ жүзеге асыратын «Әр алуан – бірақ тең» жобасы аясында жұмыс істейді. Бұл жобаны біраз жылдар бойы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдап келеді.

«Инклюзивті білім беру - сапалы білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесіндегі негізгі трансформациялау бағыттарының бірі. Біз осындай ресурстық орталықтар мен түзету кабинеттерін өңірлерде ашудың және оларды қолдаудың қаншалықты маңызды әрі өзекті екенін жақсы түсінеміз. Қазіргі таңда «Дара» қорымен әріптестікте 14 ППТК және 16 инклюзивті білім беру ресурстық орталығы ашылды және нәтижесінде бүгінгі күні 10500-ден астам балаға қолдау көрсетілді», - деп атап өтті Samruk-Kazyna Trust қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

«Инклюзивті оқыту физикалық, зияткерлік және басқа да ерекшеліктерге қарамастан, білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік ортаға бейімдеу арқылы жалпы білім беру ортасына қосуды көздейді. Ресурстық орталықтың қолдауымен білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беретін мектептерге толық және тиімді түрде қосу бойынша, сондай-ақ, даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтарға және олардың ата-аналарына ғылыми-әдістемелік қызметтер кешенін көрсету үшін қажетті жағдайлар жасалады, сондай-ақ үйде оқитын балаларды әлеуметтендіру бойынша жұмыстар жүргізіледі», - деп атап өтті «Дара» қорының өкілі          Сәуле Бексұлтанова.

Анықтама үшін:

«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан Қазақстан Республикасындағы өзекті, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді және әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыратын бірыңғай операторы.

«Дара» қоры - білім беруде ерекше қажеттілігі бар балалар мен балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмір сүру жағдайларын жақсартуға және даму мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған жобаларды іске асыратын жеке қайырымдылық қор.

Байланыс:

Телефон: Петропавл қ-сы, 8 705 255 6763, pitanie_304@bk.ru

Нұр-Сұлтан қ-сы, 8 701 5504886, assistant@dara.kz

Comments are closed.