Қазақстанда бейімделген спортты дамыту бойынша әлеуметтік акциялар бастау алды

12/03/2021

2021 жылғы 11 наурызда «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балаларға арналған қайырымдылық жобасы басталды. Аталған іс-шара Фристайлдан Әлем Чемпионаты аясында могул және шаңғы акробатикасы және Фристайлдан Әлем Кубогының Ақтық Кезеңі аясында параллельді могул және шаңғы акробатикасы түрлері бойынша өтті.

Бірінші аталған іс-шара барысында жас қонақтарымызға «Шымбұлақ» ТК біліктілігі жоғары нұсқаушылары мастер-класс өткізді. Нұсқаушылар балалармен тегін ашық жаттығулар жасады. Қайырымдылық жобаға 30 астам бала қатысты.

«Бүгін аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар «Шымбұлаққа» келді. Көбінің мұнда келуге мүмкіндігі жоқ, олар ешқашан шаңғыда теуіп көрмеген және олар үшін бәрі жаңа дүние болып көрінді. Екі баланың анасы ретінде мен осындай ерекше жобаның бар екеніне өте қуаныштымын. Мен барлық ұйымдастырушыларға балаларға тау шаңғысымен сырғанауды үйренуге мүмкіндік бергені үшін, берілген жабдық үшін алғысымды білдіремін. Осындай әдемі жерге барып, спортпен айналысу - керемет сезім!», - деп шеберлік сабағына қатысушылардың бірінің анасы Ирина Маслова алғысын білдірді.

«Бүгін жағдайы төмен және көп балалы отбасыларынан шыққан балалар келді. Көбісінің Шымбұлаққа келуге мүмкіндіктері жоқ, олар ешқашан шаңғыны көрмеген, олар үшін бұл үлкен жаңалық болды. Өзім де екі баланың анасы ретінде қуанып тұрмын және біздің Алматыда осындай ерекше жоба бар болғаны үшін мақтанамын. Барлық ұйымдастырушыларға балалардың тау шаңғысында сырғанап үйренгендері, осы жабдықтарды ұсынғандары үшін алғысымды айтамын! Осындай таза табиғат аясында балалардың спортқа деген сүйіспеншілігін ояту керемет емес пе?! Барлықтарыңызға үлкен рақмет!».

Бұл іс-шара Әлем чемпионатының және ӘКК әлеуметтік серіктесі - «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бастамашылық танытқан әлеуметтік акциялар тізбесінің бастамасы болды. Бұл бастамаға ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы және «Шымбұлақ» ТК қолдау көрсетті.

«Біз «Samruk-KazynaTrust» қорының қолдауымен бірнеше әлеуметтік жобаларды өткізбекшіміз. Сонымен бірге, Медеу-Шымбұлақ гондол жолымен тегін жүру және халықтың әлеуметтік-осал топтарына жататын адамдар үшін тегін топтық нұсқамалар ұйымдастырылатын балады. Сондай-ақ, ерекше балалар үшін біз тау шаңғылары мен сноубордтарда бейімделген сырғанауды ұйымдастыратын боламыз», - деп ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығының бас хатшысы Аскар Валиев жоспарларымен бөлісті.

Аакар Валиев Алматы қаласының коммерциялық емес ұйымдарын, соның ішінде ерекше балалармен жұмыс істейтін ұйымдарды өздерімен серіктестік құруға шақырды.

«Осы жобалар Қазақстандағы бейімделген спортты дамытуға жаңа із салмақ. Біздің Қор біршама уақыттан бері бейімделген дене шынықтару саласында жұмыс істеп келеді. Серіктестермен бірлесе отырып, білім беру саласында БДШ бойынша әдістемелік құралдары әзірлеу және енгізуді қолға алдық,  Қазақстанның барлық жерінде ерекше балалар үшін секциялар аштық. Сондықтан да, мүмкіндікті пайдалана отырып, Әлем чемпионаты аясында жаттығулар өткізуге бастамашылық таныттық, бұл бейімделген спортты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп сенеміз», - деді «Samruk-KazynaTrust» қорының ресми өкілі - Корпоративті қызметтің бастығы Мирас Иргебаев.

Ерекше балалар мен халықтың әлеуметтік-осал топтарынан шыққан балалардың өміріне қуаныш сыйлау үшін бірқатар жобаларды іске асыратын КЕҰ акцияларға қатысу үшін «Шымбұлақ» ТК хат жазуы керек, онда гондол жолында тегін жүргісі келетіндер тізімі немесе мастер-кластарға қатысатын балалардың тізімі беріледі.

Осы өткізілетін іс-шаралардың мақсаты – балалар мен ересектерді шаңғы спорт түрлеріне баулу, сонымен қатар ерекше балалар арасында бейімделген дене шынықтыруды дамытуға қоғам назарын аударту.

Жобаларға бастамашылық танытушы - ҚР Ұлттық шаңғы қауымдастығы және «Шымбұлақ» ТК қолдауымен «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды.

Айта кету керек, осы іс-шара ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Мейірімді істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында өткізіледі.

Comments are closed.