Хоккейді батылдар ойнайды: аула хоккей лигасының V маусымының жабылуы

01/03/2021

28 ақпан күні Нұр-Сұлтан қаласының №32 мектеп-гимназиясының хоккей кортында «Замандас 21» ҚҚ аула клубтарының тәрбиеленушілері – 7 жастан 13 жасқа дейінгі балалар арасында аула хоккей лигасының V маусымының финалдық ойыны өтті.

Шешуші ойында үш команда кездесті: Қошқарбаев көшесіндегі клубтың филиалынан «Альтаир», Ш.Құдайбердіұлы көшесіндегі филиалдың «Бүркіт», сондай-ақ Абай көшесіндегі клубқа баратын «Тайфун».

Бірінші орынды «Тайфун» командасы иеленді. Командалар кубокпен және медальдармен марапатталды. «Тайфун» командасының қатысушылары барлық жаттықтырушыларға шыдамдылықтары үшін, жаңадан келген хоккейшіден бастап аула хоккей лигасының жеңімпазына дейін жетулерінде қолдау көрсеткендері алғыс айтты. Сондай-ақ, ҚР-дағы АҚШ елшілігінің өкілі әрбір қатысушыға сыйлықтар табыс етті.

Аула хоккей лигасы 5 жылдан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт аралығында өзін жас спортшылар үшін беделді жарыстардың бірі ретінде көрсете білді. Шараның мақсаты - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғын үй алаптарында, сондай-ақ мектептің спорт алаңдарында орналасқан спорт корттары базасында балалар мен жасөспірімдер арасында аула хоккейін жаңғырту және дамыту.

«Замандас» отбасылық аула клубының тәрбиеленушілері арасында аула хоккей лигасының хоккей командаларының турнирлері бес жыл бойы өткізіліп келеді. Іс-шаралар бас серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қазақстан хоккей федерациясының, сондай-ақ Қазақстандағы АҚШ пен Канада Елшіліктерінің қолдауымен өтеді.

«Хоккей лигасын өткізген алғашқы жылы «Замандас» отбасылық аула клубының балалары мен жасөспірімдері мен Нұр-Сұлтан қаласы мектептерінің оқушылары арасында жоғары қызығушылыққа ие болды. Қоғамдағы резонанс бұл жобаны дамыту қажет екенін көрсетеді. Сондықтан біз клубтардағы хоккей секцияларын қолдаймыз, онда балалар осы қызықты және күрделі ойынның негіздерін тегін негізде үйренуде, ол төзімділік пен темір тәртіпті талап етеді», - дейді «Замандас 21» ҚҚ директоры              Ләззат Алшынова.

Бүгінгі таңда клубта 5 команда бар, олардың құрамында 15-20 бала ойнайды, олар «Замандас» отбасылық аула клубының төрт филиалында жаттығады. Ең белсенді балалар аула клубтары жанындағы хоккей секцияларындағы сабақтардан кейін елорданың кәсіби клубтарына өтуге мүмкіндік ала алады.

Бұқаралық спортты дамыту ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында спорт саласының алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып табылатынын атап өткен жөн.

Айта кетейік, «Замандас 21» ҚҚ «Замандас» отбасылық аула клубтарын 2014 жылы «Балалардың мүддесі үшін қозғалыс» жобасы аясында құрған болатын.

Бүгінде бұл Нұр-Сұлтанның әртүрлі нүктелерінде орналасқан 5 клуб, оларға халықтың әлеуметтік осал топтарынан 2 300-ден астам бала барады. Олар қосымша білім алады, тілдерді үйренеді, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге қатысады.

Клубтардың жұмысын «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қолдайды. Клубтарда 20-дан астам секциялар мен үйірмелер бар, соның ішінде футбол/хоккей, арт-терапия, вокал, актерлік шеберлік және басқалар.

Comments are closed.