ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Қазақстанда онлайн білім беруге бағытталған жоба мүгедек адамдардың тағдырын өзгертуде

18/02/2021

Бүгінгі таңда білім беру көпшілікке қол жетімді болып, адамның мүмкіндіктері кеңейе түскеніне қарамастан, мүгедектігі бар адамдар әлі де сапалы білім алу жолында кейбір қиындықтарға тап болады. Ал нәтижесінде жақсы ақы төленетін қызықты жұмысқа орналасу қиынға соғады. Бұған көптеген себептер бар, бірақ негізгі факторлардың бірі физикалық және виртуалды кедергісіз ортаның болмауы болып қала береді.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми деректері бойынша, 2021 жылдың қаңтар айына Қазақстанда еңбекке қабілетті халықтың ішінде 419 880-і мүгедек жандар, бірақ олардың тек 19%-ы (82 872) жұмысқа орналасқан және тұрақты табысы бар.

«Ерекше Таңдау-Шелек» корпоративтік қорының мамандары бұл пайыздық арақатынасты ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін білім беру жобаларын жүзеге асыру және жаңа кадрларды дайындау арқылы ұлғайтуға болады деп есептейді.

«Біз бұл бағытпен жұмыс жатқанымызға бірінші жыл емес және мүгедектігі бар адамдар арасында оқуға және жұмыс істеуге ниет білдірушілердің үлкен легін көріп отырмыз. Себебі олар да дербес, қоғамның толыққанды бөлігі және жақсы білім алғысы келеді, жұмыс оларға еркіндік бере алады», - дейді «Ерекше Таңдау-Шелек» КҚ бағдарламалық директоры Захира Бегалиева.

Өткен жылы бас серіктес – «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен «Ерекше Тандау-Шелек»КҚ «Lider Z» кәсіби онлайн-мектебі» жобасы іске қосылды. Ол мүгедек адамдарды IT дағдыларына үйрету және оларға одан әрі еңбек нарығын бағындыруға жәрдемдесу арқылы оларды қолдауға бағытталған.

Жақында мектеп өзінің алғашқы түлектерін шығарды, ал кейбіреулері өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісті.

Гербеева Анастасия, 29 жаста:

«Мен Ақтөбеде тұрамын, бала кезімнен мүгедектігім бар. Туғаннан бастап мен айналамдағы барлық адамдарға лайықты өмір сүруге болатындығын айтамын. Ата-анамды ұзақ өмір сүрмейді деп сендірген дәрігерлердің медициналық диагнозына қарамастан, үйде оқыған дұрыс және мұндай диагнозбен жалпы білім беру жүйесі маған сай келмейді деп сендірген мұғалімдердің пікіріне қарамастан

Анастасия «Lider Z» онлайн мектебіне келіп, өзіне тағы бір сыннан өтуге мүмкіндік берді. Дәл осы қадам оның кәсіпқой маман ретінде қалыптасуына түрткі болды.

«2020 жыл менің өмірімді түбегейлі өзгертті. «Lider Z» онлайн мектебіне SMM курстарына студенттерді қабылдауға сілтемені көріп, ойланбастан өтінім бердім және өтпей қаламын-ау деген ойдан алшақ болуға тырыстым. Қазір мен оқуды сәтті аяқтап қана қоймай, осы бағытта жеңімпаз атанғанымды мақтан тұтамын.

Қазіргі уақытта мен SMM бойынша сертификатталған маманмын, қызмет көрсетемін және толық қаржылық тәуелсіздікке ұмтыламын, бірақ менің басты мақтанышым – мен Ақтау қаласындағы NIS freelancer Назарбаев Зияткерлік мектебі оқушыларының мектеп клубында ментор болдым. Мен «Lider Z» жобасында алған барлық дағдыларымды көрсете алатыныма сенімдімін.

Гвоздев Михаил, 38 жаста:

«Мен Петропавлда инженер және педагог отбасында дүниеге келдім және бала кезімнен өз өмірімді тек шығармашылықпен байланыстырдым. Дегенмен әдеби талантқа ие бола отырып, мен IT саласында жұмыс жасаймын деп ойламаппын. Менің диагнозым шашыраңқы склероз және ол менің өмірімді өзгертті. Бірақ басыма түскен ауыртпашылыққа қарамастан, мен өзімді дамытуды жалғастырамын, өлең жазамын, мүгедектер спортымен айналысамын».

Михаил «Lider Z» онлайн мектебінде «SMM» курсын бітіріп, бүгінде Қазақстандағы бейнебақылау жүйелерінің ірі дистрибьюторлық компанияларының біріне сайт әкімшісі болып жұмысқа қабылданды.

«Мүгедектігі бар қызметкерге әлеуетті жұмыс берушілер таң қалады, қорқады, алаңдайды, бірақ біз жағдайдың өзгеріп жатқанын байқап отырмыз. Бизнестің әлеуметтік-жауапты секторының өкілдері азаматтардың осы санатына алғашқы еңбек тәжірибесін алу үшін, олардың кәсіби маман бола алатынын және қаржылық тәуелсіз өмір сүруге лайықты екенін дәлелдеу үшін жәрдемдесу қажет екенін түсінеді», - дейді Захира Бегалиева.

Бірінші лекте мүгедектігі бар 30 адам оқытылды, қазір мектепте екінші лек өтуде, оған 33 адам қатысуда.

Добавить комментарий