ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Жаңа жылмен құттықтау!

30/12/2020

Қадірлі достар!
Келіп жеткен 2021 жыл құтты болсын!

2020 жыл барлығымыз үшін де күтпеген жағдайларға толы болды.

Дегенмен ол бізге жақындарымыздың жанында көбірек болуға, әрбір сәтті бағалауға, кішігірім дүниелерден қуанышты көре білуге үйретті. Және бастысы – денсаулық басты байлық екенін түсіндік. Болған оқиғаларға қарамастан әрбіріміздің де жүрегімізде келер жылға деген үміт үлкен.

Samruk-Kazyna Trust барлықтарыңызды Жаңа жылмен құттықтайды. Отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке тілейміз. Әрбір үйде тек қуаныштың күлкісі естіліп, жаңа жыл жаңа табыстар алып келсін.

Армандаңыздар, қанаттаныңыздар!
Биіктерге бірге!

Ізгі ниетпен,

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры

Добавить комментарий