Би және өмір: би студиясы ақтөбелік жасөспірімдердің өмірін қалай өзгертуде

04/12/2020

Руслан мен Әсел Зелетдиновтар көптеген жылдар бойы бимен айналысып келеді және бұл жұп үшін би тек хобби ғана емес, өмірлік маңызға ие болды. Олар биге үлкен мән береді, өйткені бұл жақсы физикалық белсенділік, өзін-өзі көрсету тәсілі, көңіл-күй мен энергияны басқаларға жеткізу мүмкіндігі.

Олар Ақтөбе қаласында өздерінің би мектебін ашты, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасады, өздері алған барлық дағдыларды балаларға беруге тырысты. 7 жыл ішінде олар түрлі тағдырылармен кезікті және көптеген балалардың дамуға деген үлкен ықыласы бар екенін көрді, бірақ олардың көбінде өзін-өзі дамыту үшін үйірмелерге қатысуға қаржылай мүмкіндіктері жоқ.

«Маған шығармашылық өзімді табуға, ерік-жігерімді дамытуға, өз кәсібімді тануға мүмкіндік беретінін білемін. Бір күні, күйеуіммен әңгімелесу кезінде біз қоғам үшін одан да пайдалы болатын жоба жасағымыз келетінін түсіндік. Біз балалар қылмысының азаюын, суицид, буллинг жағдайларының қысқаруын, балалар мен жасөспірімдерге кері ықпалдың аз болғанын армандадық», - дейді үйлестіруші Әсел Зелетдинова.

Олар Ақтөбе қаласында «Break dance» федерациясы» РҚБ филиалын ашып, шығармашылық орталық құрып, әлеуметтік салаға көп көңіл бөле бастады. Әлеуметтік желіге қызығушылық танытқан жастар даму үшін көбірек мүмкіндіктер ашты. Осылайша олар әлеуметтік кәсіпкерлікке келді.

«Әлеуметтік кәсіпкерлік - бұл іс жүзінде бизнеспен бірдей, бірақ бұдан басқа ол халыққа, мұқтаж адамдарға пайда әкеледі: біз табыс табамыз және сонымен бірге адамдарға көмектесеміз. Бұл қайырымдылыққа мүлдем ұқсамайды, өйткені біз ақша немесе сыйлықтар бермейміз, адамдарға даму мүмкіндігін береміз», - дейді Әсел.

Зелетдиновтердің әлеуметтік кәсіпкерлік идеясы шығармашылықты жақсы көретін балаларға кеңістік құру және оларды біріктіру, бос уақыттарын ұйымдастыру, осылайша деструктивті мінез-құлықтан алшақтату және спорт пен биге деген қызығушылығын арттыру болды.

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыта отырып, Әсел мен Руслан Зелетдиновтар «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асыратын «Әрекет» жобасына қатысты. Олардың жобасы ақтық сынға өтіп, гранттар байқауының жеңімпазы атанды. Жас кәсіпкерлер 3 млн теңге көлемінде грант алды. Бұл оларға балалардың санын көбейтуге және қамтуға мүмкіндік берді. Бүгінде орталықта балаларды бидің әр түріне, фитнеске және модельдік іске үйретеді.

«Арекет» жобасының арқасында біз ауқымды жұмыс жасауға үлкен мотивация алдық, сондай-ақ ең маңыздысы - тренингтерде алған біліміміз, өте пайдалы және сапалы сабақтар болды. Ұзақ уақыт бойы бизнеспен айналысқанымызға қарамастан, біз алған ақпарат өте пайдалы және өзекті болды. Сондай-ақ, жобада әлемнің шын мәнінде қайырымды адамдарсыз емес екенін көріп, көптеген бастамашыл дарынды кәсіпкерлермен таныстық», - дейді Әсел.

Біздің ісіміз орталықтың әрбір тобында халықтың әлеуметтік осал топтарынан бірнеше бала тегін негізде немесе жеңілдік жүйесі бойынша айналыса алатындай етіп құрылған. Осылайша, біз қаражаты жоқ балалар мен жасөспірімдерге сүйікті ісімен айналысуға және өз таланттарын дамытуға мүмкіндік береміз. Бұл сабаққа ақылы қатысатын оқушылар есебінен мүмкін болып отыр.

Мысалы, бала кезінен бимен айналысуды армандаған 12 жасар Асмир Төлебаев. Ол әкесі жоқ үлкен отбасында өсуде және ақылы секцияларға баруға мүмкіндігі болмады. Орталық туралы білген соң, кастингке келіп, таланты бар екенін дәлелдеді.

Би жасөспірімнің өмірін өзгертуге, өзіне сенуіне, өз бағытын табуға мүмкіндік берді.

«Мен жақсы билеп, достарыма айналған басқа да жігіттермен таныстым. Менің түрлі жарыстарға қатысқаным үшін грамоталарым бар, бірақ менің басты мақсатым - чемпион болу. Мен 2022 жылы Олимпиада командасына кіруді, ал болашақта брейк дэнстен жаттықтырушы болуды армандаймын», - деп Асмир өзінің жоспарлармен бөлісті.

Асмирдің жаттықтырушысы Александр Семеникин де тәжірибелі жаттықтырушы ретінде биші жігіттің болашағы қор екенін атап өтті.

«Бізде жұмыс істейтін балалардың салауатты өмір салтын ұстанатыны, бұзақылар және қылмыскер болмайтыны қуантады. Олар өздеріне мақсат қойып, көп нәрсеге ұмтылады және сол бағытта жұмыс істейді. Ал біз өз тарапымыздан оларды қолымыздан келгенше қолдаймыз, жаңа дағдыларға үйретеміз, ынталандырамыз, іс-шараларға, байқауларға қатысуға тартамыз. Бұл біздің салауатты қоғамның дамуына, лайықты ұрпақтың дамуына қосқан үлесіміз», - деп қорытындылады Әсел Зелетдинова.

Орталық өз қамқорлығындағы балалар үшін барлық шараларды сақтай отырып, жұмысын жалғастыруда. Жоспарлар бұрынғыдай - жас ұрпақтың өзін-өзі жүзеге асыруына және өмірін өзгертуге мүмкіндік беру.

Comments are closed.