Қазақстаннан алыс жүрсеңіз, қазақша қалай үйренуге болады?

13/10/2020

Бүгінде өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру тенденциясы қарқын алуда. Әлемнің кез келген нүктесінде бола тұра технологиялардың көмегімен ыңғайлы тіл үйрену курстарын, вебинарларды, мастер-кластарды таңдауға болады.

Қазақстаннан тыс жерде тұратындар үшін, бірақ қазақ тілін үйренгісі келетіндер үшін ешқандай шектеу жоқ. Өйткені, қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған ыңғайлы ресурс Soyle.kz веб-сайты мен мобильді қосымшасы бар.  

Бұл ресурстың басты ерекшелігі – тұңғыш, әрі тегін сайт. Әсіресе, ағылшын-латын нұсқасының болуы, кириллицаны білмейтін сайт қолданушылары үшін қазақ тілін үйренуді біршама жеңілдетеді.

Ендеше, әр түрлі елдерден Soyle.kz арқылы қазақ тілін оқып жүрген қолданушылардың  тіл үйрену тәжірибесімен бөлісейік.

«Қазақстан - менің бизнесімнің басты стратегиялық серіктесі. 2014 жылы Астанадағы мамандандырылған форумға барған кезімде Қазақстанды, оның мәдениеті мен тілін таңқаларлық қызығушылықпен танып, өзіме жаңа серіктестер таптым. Дәл сол кезде мен қазақ тілін үйренуге шешім қабылдадым. Бұған қоса, магистратурадағы оқуым шет тілін білуді талап етеді.

Бірақ, бұл ең алдымен, бизнес үшін қажет. Қазақстан – жас және болашағы зор мемлекет. Ал бизнесте мүмкіндіктерді бірінші болып пайдаланған адам табысқа жетеді. Әрине, келіссөздерді қазақ тілінде жүргізу әлі де қиын мәселе, бірақ мен қазірдің өзінде акцентім өте нашар екенін түсінсем де Zoom арқылы серіктестеріммен қазақша амандасамын, тіпті, ауа-райы туралы сұрай аламын.

Мен алғашқы қарапайым сөз тіркестерін Soyle.kz қосымшасының көмегімен үйрендім. Мұнда мұғалімсіз-ақ дайын формулаларды қолдануға болатыны ыңғайлы. Сайтқа индекс, валюта, пайда, девальвация, логистика сияқты бизнес тақырыптарын қоссаңыздар өте жақсы болар еді.

Soyle.kz платформасындағы әр сабақ тек бастапқы деңгейден жоғары деңгейге дейінгі грамматика мен жаңа сөздер ғана емес, сонымен қатар ойындар, диалогтар, дыбысталған сөздер, өзін-өзі тексеру тесттері, тақырыптық лексика», - дейді сингапурлық инженер Хок Пенг.

«Мен Семейде тудым, қазақ тілін мектепте оқыдым. Олимпиядаларға қатысып, бірінші орындар иелендім. Ұстаздар маған әрқашан қолдау көрсетіп отырды. Ол кезде мен тек ережелерді жаттадым. Тілді толық түсіну кейінірек, мен тілді меңгеруге саналы түрде кіріскен кезде пайда болды.

Мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт қазақ тіліне көңіл бөле алмадым. Оған емтихандар, көшу, оқуға түсу, жаңа жерге үйренісу себеп болды. Тіл үйренуді жалғастыруға бел буып, Soyle.kz-ті таңдадым. Ыңғайлы навигация, керемет мазмұн. Тақырыптық сөздік те жақсы ойластырылған. Маған тілді білу деңгейін таңдау мүмкіндігі ұнайды. Мен мейлінше жауапты адаммын, сондықтан сабақты басынан аяғына дейін толық өтіп шығамын, тапсырмаларды орындап, тест тапсырамын. Мен өткен сабақты қайталағаннан кейін ғана жаңасын бастаймын.

Маған сайттың тегін болғаны ұнайды, әйтпесе бұл секілді курстардың көпшілігі үнемі ақылы болып келеді ғой. Әрине, қазақ тілінде сөйлеушілермен тәжірибе қажет. Сонда айтылым жақсырақ болады және есте көбірек ақпарат қалады.

Көбінесе жақсы жобалар жабылып қалып жатады: қаржыландыру тоқтатылады немесе идея авторлары жобаны тастап кетеді. Сондықтан да сайтқа тек қана өркендеуді тілеймін, сонда ғана қазақ тілі танымалдылыққа ие болады», - дейді Барнаулдық студент Анастасия Зенкова.

«Мен үнемі деп айтпай-ақ қояйын, бірақ анда-санда Soyle.kz сайтын ашып тұрамын. Әсіресе, Нұр-Сұлтанда тұрған кездерді сағынғанда кіремін.

Мен Soyle.kz сайтында бірден 1-2 сабақ оқи аламын. Бірақ, мойындаймын, «Борьба слов» ойынын көбірек ойнаймын, бейнероликтерді қуана-қуана қараймын. Әсіресе, Soyletube арнасы өте ерекше, қызықты.

Менің әлі күнге дейін көп достарым Қазақстанда, хат-хабарларымда көбінесе қазақша сөздерді (тақырыптық сөздіктер көмегімен) немесе дайын құрылымдардан тұратын сөйлемдерді жиі қолданамын. Ыңғайлы әрі қиын емес.

Бір ғажабы, Қазақстанда тұрғанда мен тек орыс тілінде сөйлесетінмін, ал енді достарыма қазақ тілінде сөйлегім, жазғым келеді. Менде сайтта қазірдің өзінде жиі қолданылатын сөздерден жиналған мол сөздік қорым бар.

Мен Soyle.kz туралы әдеттегідей google арқылы білдім.

Менің ойымша, болашақта қазақ тілі маған қажет болады. Менде ағылшын тілі жақсы, ал қазақ тілі менің тілдер тізімімді толықтырады. Мен барлық деңгейлерден өткеннен соң, жапон немесе фин тілдерінің бастапқы деңгейін меңгеруге тырысамын. Кемелдіктің шегі жоқ емес пе?!

Онлайн-білім қазір біздің шындыққа айналған уақытта тоқтамай әрі қарай дами беріңіздер деп тілек білдіремін», - дейді Мәскеу қаласындағы Жоғары экономика мектебінің  магистранты Ксения Смирнова.

Soyle.kz  жобасының жүзеге асуын  Бас серіктесіміз «Samruk-Kazyna Trust» пен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қолдап отыр.

Comments are closed.