Қарттарға қамқорлықпен

05/10/2020

Әр демалыс күндері «Жеңіс» жобасының еріктілері белгіленген жерге жиналады. Үйлестіруші Евгений Португальский еріктілер міндеттерді бөліп береді.

«Бүгін біз төрт үйге баруымыз керек. Тізім бойынша бір ардагер және 3 тыл еңбеккері бар. Азық-түлік жеткізіп, ауланы жинауға көмектесу керек. Сапар барысында қауіпсіздік ережелерін, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз», - дейді ерікті.

Апта бойы еріктілер чаты тынымсыз жұмыс жасайды. Онда жастар жаңа өтінімдерді, жұмыс майданын талқылайды, жаңалықтармен бөліседі. Жобаның 35 еріктілер тобы Қазақстанның түрлі қалаларында жұмыс жасайды және барлығының жұмысы ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне жүйелі көмек көрсетуге бағытталған.

«Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасы 2015 жылы бастау алды. Оның бастамашысы «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болды.

Жоба еріктілері түрлі қалаларда тұратын ардагерлерге тұрақты негізде барып тұрады және оларға әлеуметтік-тұрмыстық қолдау көрсетеді. Өйткені, қамқорлық ұсақ-түйектен тұрады және қарт адамдарға үй шаруашылығында көмектесу қиын емес: үйді және ауланы тазалау, көкөніс бақшасына қарау, тамақ немесе дәрі-дәрмек алу. Сондай-ақ,  оларға көңіл бөлу, бір кесе шай ішіп әңгіме құрыңыз, олардың өткені туралы қызықты әңгімелерін тыңдаңыз…

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні атап өтіледі. Бұл күні ата-әжелерімізге ерекше көңіл білдіріп, құттықтау әдетке айналған. Олардың өз отбасылары болса керемет. Бірақ кейбіреулері қартайғанда жалғыз қалып, кейде оларға қарайтын ешкім болмайды. Сондықтан жобаның маңыздылығы жаңа мәнге ие болады.

Еріктілер әрбір жаңа рейд – бұл жаңа әсерлер мен қызықты кездесулер екенін атап өтті.

Бірде, рейдтердің бірінде еріктілер 98 жастағы ардагер Анастасия Павловна Светочевамен кездесті. Балалар оның өмірбаянына қызығушылық танытты, өйткені қазір соғыс куәгерлерімен сөйлесу, өкінішке орай, сирек болып табылады. Ал Анастасия Павловнаның күртесін безендіріп тұрған көптеген медальдар бүкіл команданы таң қалдырды.

«Анастасия Павловна бізді ерекше сүйсіндірді. Жылы жүзді, мейірімді, ол бізбен үлкен қуана-қуана сөйлесіп, өзінің жастық шағы туралы айтып, тілегін білдірді. Осындай минуттарда әдеттегіден де көп шабыттанамыз және өз жұмысымызды бағалаймыз. Мұндай әңгімелер барлық еріктілерді ынталандырады», - дейді Евгений Португальский.

«Мен Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында туып өстім. 16 жасымда ол сол кездегі Ленинградқа оқуға кеттім, сонда орта білім алып, кейінен тоқыма институтының студенті атандым. Бірақ соғыс басталып кетті», - деп еске алады «Жеңіс» жобасының қатысушысы Анастасия Павловна.

Бірінші күннен бастап қыз әскери комитеттің табалдырығын аттап, майданға аттанып, фашистік әскерлер қоршап алған қалада аман қалды.

«Бірақ бізді жас болған соң қабылдамады, аяған болар. Ұлдар әскерилермен кетіп, бәрі қайтыс болды. Соғыстан кейін, біз бір-бірімізді іздей бастағанда, біздің топтан тек төрт жігіт қана қалыпты», - деп батыр ана өз сөзің қобалжып жалғастырды.

Жас қыздың көрмегені қалмады - бомбалау, суық, аштық. Бірақ 1942 жылы ол соғысқа өз еркімен аттанды.

«Қазірге дейін сол кезде аман қалуымызға не көмектесті деп ойлаймын. Мүмкін, мен туған қаламды, отанымды қорғап, Жеңіс күнін өз көзіммен көргім келді», - дейді Анастасия Павловна.

А. Светочева «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Ленинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталды. Соғыстан кейін Ленинградтағы техникумды бітіріп, дәнекерлеу шебері мамандығын алып, 1948 жылы Өскеменге оралып, зейнеткерлікке шыққанға дейін еңбек етті.

Анастасия Павловнаның немерелері мен шөберелері бар, олар оған келіп тұрады. Өкінішке орай, батыр әйел бірнеше жылдан бері үйден шықпайды, өйткені оның жамбас буынында проблемалары бар, бірақ ол үмітін үзген емес, ол әлі талай билейтінін айтады.

«Мен Анастасия Павловнамен үнемі байланыстамын, өйткені оған қозғалу қиын. Біз оған үй шаруасында көмектесеміз, қажет болса, азық-түлікке бара аламыз», - дейді Евгений Португальский.

Шаралардың бірінде еріктілер Анастасия Павловнаның немерелерімен кездесті. Қыздар жобаға қатты әсер еткені соншалық, олар еріктілер командасына қосылып, келесі рейдтерге қатысуға шешім қабылдады. Әйел «Жеңіс» жобасының еріктілеріне алғыс айтудан шаршамайды.

«Маған көп нәрсе қажет емес – мен қарапайым өмір сүремін, бірақ бәрі жеткілікті. Балалар маған бірінші кезекте көңіл-күй сыйлайды. Олар келіп, әңгіме айтады, менің өмірім туралы сұрайды, үй шаруасында көмектеседі. Олармен уақыт өткізген маған қуаныш сыйлайды, жастармен көңілің жас болады деген рас екен», - дейді ардагер.

Биыл «Жеңіс» жобасының еріктілері барлығы 1445 рейд өткізді, ал жыл соңына дейін бұл санды 4 200-ге дейін арттыруды жоспарлап отыр. Олар 1430-дан астам ардагерді «қанаттарының астына» алды.

«Білесіз бе, әр рейд – бұл бір тарих. Жобаның бір бөлігі болуға, үйлесімді ұжымда жұмыс істеуге, жаңа адамдармен танысуға мүмкіндік бергені үшін тағдырыма ризамын. Қарт адамдар - бұл ерекше категория, онымен жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе», - деп қорытындылады Евгений Португальский.

Айта кету керек, жобаға еріктілер ретінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметкерлері қатысады. Олардың барлығы үндеуге қуана жауап беріп, жобаға келді, өйткені ардагерлерге деген қамқорлықты өздерінің азаматтық борышы деп санайды. Бүгінде жобада 245 волонтер бар. Бірақ «Жеңіс» ерікті болып, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне көмектескісі келетіндердің барлығына ашық.

Карантин кезеңінде волонтерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, мүмкіндігінше көп ардагерлерді көмекпен қамтуға тырысты. Олар барлық қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, азық-түлік себеттерін жеткізді. Қазір бұл әдетке айналды, ешкім рейдке маскасыз, қолғапсыз және дезинфекциялық құралдарсыз келмейді.

Волонтерлік көмектен басқа, жоба шеңберінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ 1935 жылғы 31 желтоқсанға дейін туған тыл еңбеккерлеріне Қазақстан мен ТМД елдері бойынша пойыздарда тегін жол жүруді ұсыну бойынша науқан іске асырылуда. Билетті рәсімдеу үшін өзіңізбен бірге ҰОС қатысушысы немесе мүгедегі немесе тыл еңбеккері жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және куәлігі болуы қажет. 2020 жылы науқан аясында 252 билет берілді.

«Жеңіс» жобасы жұмысының 5 жылы ішінде үлкен іс атқарылды. Ардагерлерге көмек көрсетуді жүйелендіру, олардың мұқтаждықтарын түсіну, еріктілердің жұмысын құру және жолға қою және т.б. мүмкін болды. Бұл бағыттағы жұмыс тоқтамайды, одан әрі жалғасады, өйткені әлі көп нәрсе істелінуі керек.

Comments are closed.