Қазақстанның ауруханалары мен емханаларына COVID-19-бен күресу үшін жабдықтар жеткізілді

18/09/2020

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры өңірлік емдеу мекемелерін ӨЖЖ аппараттары, оттегі концентраторлары, сондай-ақ пульсоксиметрлер сияқты аса қажетті медициналық аппараттармен жабдықтады.

Денсаулық сақтау қызметкерлерінің айтуынша, коронавирустық инфекция мен пневмониямен ауыратын науқастарға жедел көмек көрсету үшін аталмыш жабдықтар айтарлықтай сұранысқа ие.

«Самұрық-Қазына» АҚ мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында жалпы саны 2 050 жабдық пен 100 жедел жәрдем машинасы сатып алынды. Мұның барлығы Денсаулық сақтау министрлігінен алынған ақпаратқа және жергілікті атқарушы органдардың сұраныстарына сәйкес өңірлер арасында бөлінген.

«Коронавирустық инфекцияның жаңа толқынына ықпал ету және біздің дәрігерлердің жұмысын жеңілдету үшін еліміздің медициналық мекемелері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Енді дәрігерлерде аурудың жаңа өршуінің алдын алу үшін қосымша ресурстар бар», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Өз кезегінде Батыс Қазақстан облыстық көпсалалы ауруханасының директоры Арман Байдеуов «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» Қорының дер кезінде көмек көрсеткенін атап өтті:

«Жаңа жабдықтар коронавируспен күресте облыстық көп салалы аурухана үшін жақсы қолдау болды. Төтенше жағдай және карантин кезеңінде аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 1600-1700 адам емделіп шықты. Ортақ күш-жігерімізбен біз сарапшылар айтып отырған аурудың екінші толқынына мұқият дайындала аламыз деп үміттенеміз. Сонымен қатар, бұл құрылғылар ауруларды емдеуде қосымша жабдықты қажет ететін басқа аурулары бар пациенттерге көмектеседі».

Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, сондай-ақ Ішкі істер министрлігі Қор бөлген 450 млн теңге қаражат есебінен қорғаныс маскаларын сатып алып, тігуді жүзеге асырды.

Сонымен қатар, Қор AutoMag-96 құралын сатып алуға көмектесті, осылайша Нұр-Сұлтан қаласының емханаларына қызмет көрсететін ұлттық ғылыми медициналық орталық клиникасының ПТР зертханасының өнімділігін арттырды.

Қор мен Денсаулық сақтау министрлігінің өзара қарым-қатынасы аясында компания қаражаты есебінен 100 жедел жәрдем машинасы, 1000 оттегі концентраторы, 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 1000 пульсоксиметр және вирусқа қарсы 3000 «Авифавир» препараты сатып алынды.

Comments are closed.