«Самұрық-Қазына» Қоры мен Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19-пен күресте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20/07/2020

«Самұрық-Қазына» Қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қатысты.

Меморандум аясында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 100 жедел жәрдем көлігін, 1000 оттегі концентратын, 50 өкпені жасанды желдету аппаратын, 1000 пульсоксиметр және 3000 «Авифавир» вирусқа қарсы дәрісін сатып алып, ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне тапсыруды бастады. Көмектің бұл түрлері ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісіле отырып, көмектің тапшылығы ретінде таңдалынды.

«Бұл шаралардың барлығын ел Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы қолдады. Өздеріңіз білетіндей, жақында Елбасымен кездесу өтіп, онда ол Қордың ішкі қорынан Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында екі медициналық орталық салуға қаражат бөлуді тапсырды. Бұл орталықтар халыққа медициналық қызмет көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар ғылыми-зерттеу әлеуетін шоғырландыруға арналған болады. Аталған жұмысты біз бастадық, қаражатты резервке салдық», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Сөз соңында қор басшысы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен медицина орталықтары бойынша техникалық тапсырма алуды тездетуді, ал аталған қалалардың әкімдерінен тиісті коммуникациялары бар жер учаскелерін бөлуді сұрады.

«ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атынан Қордың көрсеткен корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне және жұқпалы аурулардың, оның ішінде коронавирустың өршуіне қарсы күресте ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға ықпал еткеніне алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Меморандум қазіргі эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге дер кезінде және қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенімдімін»,- деді Алексей Цой.

«Авифавир» - клиникалық сынақтарда тиімділігін растаған әлемдегі коронавирусқа қарсы екі дәрінің бірі. Коронавирусты емдеуге арналған дәріні «Самұрық-Қазына» қоры «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-нан сатып алды.

Ахметжан Есімов дәріні жасаушы «Ресей тікелей инвестициялар қорының Басқарушы компаниясы» АҚ-мен онлайн-конференция барысында оның басшысы Кирилл Дмитриевке осы препараттарды сатып алу мүмкіндігі үшін алғыс айтты.

Естеріңізге сала кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап коронавируспен күреске белсенді қатысуда. Елбасының тапсырмасын орындау үшін қор Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында инфекциялық аурулардың алдын алу және бақылау бойынша екі клиника құрылысын қаржыландыратын болады. Ағымдағы жылдың Наурыз айында қор 6 млн қорғау маскаларын сатып алуды қаржыландырды, сондай-ақ экономиканың өсуін нығайту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және денсаулық сақтау саласын дамыту бойынша шаралар қабылдады.

Пікір үстеу