Кентау қаласындағы КЕҰ мүгедек адамдарды саңырауқұлақ өсіру арқылы жұмысқа орналастыру мәселесін шешуде

11/12/2019

Аймақтарда жұмыс орнын табу мәселесінің болуы жаңалық емес, онымен жұмыс істеуге біртіндеп үйреніп келеміз. Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі анағұрлым өткір болып табылады және барлығы әлдеқайда қиын. Жұмыс берушілер мұндай адамдарға кез келген еңбек түрі сай келеді деп есептемейді, олардың жұмысы үшін арнайы жағдай жасау керек деп санайды.

Бұл мәселе Қазақстанның оңтүстігіндегі Кентау қаласында көп жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «ЭКО Атамекен» Қоғамдық бірлестігін де алаңдатты. Бірлестік жетекшісі Гүлнара Ниязова осыдан біраз уақыт бұрын кішкентай жылыжайды ашқан болатын. Бұл жұмысты жүргізуге оның ұлы Райнтан Жапаров көмектеседі, жұмыс көлемі үлкен емес, ол саңырауқұлақтарды өзі күтіп қарайды.

Осы жылдың мамыр айында әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Әрекет» Гранттар байқауы туралы естігенде Гүлнара мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу мүмкіндігін көріп, жылыжайдың қуатын арттырды.

Ол жобаға қатысуға өтінім беруді шешті. Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға грант алу ниеті зор болды, сондықтан Гүлнара өтінімінде өзінің әлеуметтік кәсіпкерлік идеясын сипаттауға жауапкершілікпен қарады. Нәтижесінде «ЭКО Атамекен» ҚБ байқаудың финалисті атанып, Қазақстанның барлық аймағынан келген 51 коммерциялық емес ұйыммен бірге Нұр-Сұлтандағы «Әрекет» жобасы аясында оқыту бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алды.

«Біз, әрине, өте қуанышты болдық, грантты тапсыру үшін сахнаға шақырғанын естігенде тіпті сенген жоқпыз. Үш күн бойы жақсы жаттықтырушылармен қарқынды оқыту және біздің жобамызды жетілдіру жұмыстары жүргізілді, олар бізбен өз тәжірибесімен бөлісіп, әлеуметтік кәсіпкерлік, қаржымен жұмыс, маркетинг туралы айтты», - дейді          Гүлнара Ниязова.

Грант алып, Гүлнара Ниязова ұлымен бірге, бір минутты жоғалтпай, үй-жайды жабдықтауға кірісіп, қосымша шикізат сатып алып, екі көмекші - Әділет пен Владимирды жұмысқа алды. Екі жігіттің де мүгедектігі бар: Әділеттің диагнозы ПДБ және есту қабілетінің бұзылған, Володяда есту және көру қабілеттері бұзылған. Бірақ бұл оларға саңырауқұлақтарды өсіруге кедергі келтірмейді. Барлық қажетті дағдыларды оларға Райнтан үйретті.

Райнтан жігіттерді түсініп, оларға ең қажеттісін ұғындыру үшін ыммен сөйлеу тілін аздап меңгерді. Бірақ жұмыста сурдоаудармашының көмегінсіз болмайды. Сурдоаудармамен Әділеттің анасы - Балжан көмектеседі.

«Біз жылыжайға жұмысшылар қажет екенін естігенде және бірден хабарластық.  Мен ұлымды әкелдім, бізді жұмыс орынымен таныстық, мен мұның бәрін Әділетке түсіндірдім, содан кейін одан: «Саған ұнайды ма?» сұрағанымда, ол ұнайды деп жауап берді. Біз мұнда тәжірибеден өттік, енді ұлым осында жұмысқа қуана барады. Мұнда жұмыс істеу оңай және ыңғайлы», - деп атап өтті Балжан.

Бұрынғы жұмыс орнында Әділетке қиын болды, онда көп күш жұмсауды талап етті, содан оның жалақысын төлеуден бас тартты. Ұлын ынталандыру және көңіл-күйді көтеру үшін ұлына жалақыны өзі төлеуіне тура келді.

«Мен ақшаны Әділетке жетекшілік еткен адамға бердім, ал ол «жалақы» түрінде ұлыма берді. Осылай уақыт өтіп жатты. Ал мұнда Әділет өз еңбегі үшін төлем алады және ол қоғамның дербес мүшесі болды деп айтуға болады», - дейді Балжан.

Тағы бір көмекші – Владимир есту және көру қиындықтарына қарамастан, жұмыста ерекше ынта танытады және өз жұмысына өте жауапкершілікпен қарайды.

«Володяны да бізге анасы алып келді, баласының ешқайда шықпайтынына, көп уақытын компьютердің алдында өткізетініне алаңдаған. Жылыжайға жұмысшы керек екенін білгенде қоңырау шалып, оны жұмысқа орналастыруды. Әділет және Володя жақсы жігіттер, бәрін жылдам қабылдап, тез үйренеді», - дейді Райнтан.

Осы шағын ұжымның үйлесімді жұмысының арқасында жылыжайдағы жұмыс жақсы жүруде. Бүгін, 3 айдан кейін, жоба өзінің алғашқы нәтижелерімен мақтана алады - бұл 30 кг жиналған өнім. Қоғамдық бірлестік өнімдерін жергілікті мейрамханалар мен қала тұрғындарына сатады.

«Қоңырау шалып, тапсырыстарды алдын ала жасап жатыр. Қазірдің өзінде біздің аспа саңырауқұлақтардың дәмдік сапасын бағалайтын тұрақты клиенттер бар. Негізінен мейрамханаларға жеткіземіз, бірақ жергілікті тұрғындар саңырауқұлақтарды аңмен сатып алады», - дейді Райнтан.

Саңырауқұлақты өсіру үшін арнайы сертификат немесе лицензия алу қажет емес екенін атап өткен жөн. Өсіру процесін бақылауды жүзеге асыруда  бірлестікке Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Мұрат Ерденов көмек береді.

Қазір Райнтан мен Гүлнар жоспар құрып жатыр, болашақта олар өз ісін кеңейтуді, алаңды ұлғайтуды, көп адамды жұмыспен қамтуды армандайды.

«Бізге «Әрекет» жобасы өте көмектесті, ең алдымен, мен қаржыны басқару, маркетинг бойынша көптеген жаңа білім алдым. Алғашында туындаған барлық сұрақтарыма жауап ала алдым. Осы үшін «Samruk-Kazyna Trust» Қорына үлкен рахмет айтамын, сіздер осы жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік бердіңіздер», - деп атап өтті жас адам.

Жобаның басталуы сәтті болды, және шағын жылыжайдан шыққан іс одан да үлкейетініне сенгіміз келеді: таңдау кеңейтіледі, сату ұлғаяды, көп адамдар жұмысқа орналасады, яғни әлеуметтік мәселе шешіледі, бұл «Әрекет» жобасының түпкі мақсаты болып табылады.

Comments are closed.