«Samruk-Kazyna Trust» Қоры Дүниежүзілік балалар күнін атап өтті
20/11/2019
Қарашаның 18 жұлдызында, Дүниежүзілік балалар күнінде, «Samruk-Kazyna Trust» Қоры ЮНИСЕФ-тің #KidsTakeOver (Тізгін балаларда) халықаралық науқанына қосылды.
«Замандас 21» отбасылық аула клубтары мен «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚБ-нің бейімделген спорт бойынша секцияларына қатысатын он бала «Samruk-Kazyna Trust» Қорының басшылары мен кеңсе қызметкерлерінің және «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Жастар кеңесінің мүшелерінің орындарында өздерін сынап көрді.
Балалар «Samruk-Kazyna Trust» Қорының қызметкерлері арасында жиналыс өткізді. Оларға өз өкілеттіктерін бас директордың орынбасары, департамент директорлары, заңгер және бас бухгалтер тапсырды. Жиналыс өзінің кішкентай жасына қарамастан міндеттерін жеңіл орындап шыққан, Spina Bifida сирек ауруымен ауыратын 9 жасар Мухамеджанова Камиланың басшылығымен өтті. Кеңес барысында балалар бір аптаға арналған жоспарларды, бюджеттерді, қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін талқылап, бірқатар міндеттерді жүктеді.
Камилланың анасы, Мұхамеджанова Айғаным: «Менің ойымша, бұл іс-шара балалардың өзін-өзі бағалауын көтерді. Бастапқыда олар ұялғанымен, басшылар балаларға өздерінің маңыздылығын сезінуге мүмкіндік берді. Оларды жылы қабылдады, ескертулер жасамады, олар өз ойлары мен іс-әрекеттерін еркін түрде жеткізе алды, бір сөзбен айтқанда нағыз басшыларша әрекет етті. Күн өте керемет өтті. Мұндай іс-шараларды жиі өткізу керек деп есептеймін. Осындай бастама үшін «Samruk-Kazyna Trust» Қорына үлкен рахмет. Дәл осы балалар өсіп, осындай сәттерді ереше сезіммен еске алатын болады».
Өз кезегінде қызметкерлер балалардың қоғамдағы құқықтары мәселелерін қозғап, олардың құқықтары мен балалар құқықтары туралы Конвенцияны талқылады.
Кеңес аяқталғаннан соң балалар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының Жастар штабымен кездесуге барды. Штабтың үлкен ашық кеңесіне «Қазпочта» АҚ, Air Astana, «Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы» ЖМ, «Біріккен химиялық компания» ЖШС және «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның 15-тен астам қызметкері қатысты.
«Бүгін өте керемет күн болды. Біз Қордың әр түрлі департаменттерінде болдық, онда бізге түрлі мамандар қызықты әлеуметтік жобалар туралы, жастар форумы туралы айтып берді. Барлығы өте танымды өтті», - деді «Замандас 21» аула клубына қатысушы Асан Айғаным.
Жиналыс барысында балалар жастар штабының Төрағасын және оның екі орынбасарын сайлады. Күн тәртібінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының алдағы уақытта өтетін Жастар форумы болды, онда жас мамандар компаниялардың Жастар жылы жасаған істеріне тоқталып өтті. Балалар Форумды өткізу туралы идеяларымен бөлісіп, әр компанияның қызметі туралы сұрақтар қойды.
Кішкентай басшыларды Air Astana ұшқыштарының жұмысы қызықтырды, олардың жұмысы туралы ақпаратты қызыға талқылады. Сондай-ақ, оларды «Қазпочта» АҚ арқылы Аяз атаға хат жіберуге болатыны немесе болмайтыны, және мамандықты қалай таңдау керектігі туралы сұрақтар мазалады.
«Бүгінгі іс-шара маған өте ұнады. Балалар өте тартымды, әрі жігерлі екен. Олар жақсы және ең бастысы дұрыс сұрақтар қоя білді. Маңызды мәселелерді, атап айтқанда, ұшақ бортындағы Балалардың құқықтарын талқылады», - деді Air Astana-ның аға бортсерігі Гүлфайруз Шманова.
Анықтамалық:
20 қарашада, Дүниежүзілік балалар күнінде, тарихта ең кең ратификацияланған халықаралық құжат - Балалар құқығы туралы Конвенцияның қабылданғанына 30 жыл толды. Осы күн Қазақстанда маңызды орын алады, өйткені біздің елімізде Конвенцияға қол қойылғанына 25 жыл толды.
Бұл іс-шара #ItsAllAboutAbility республикалық ақпараттық науқаны аясында өткізілді. Бірінші кезең 10 қарашада футболдан ҚР чемпионатының соңғы матчына мүгедектігі бар балалардың қатысуы болды. Дәстүр бойынша, футболшыларды алаңға балалар алып шықты. Бұл жолы алаңға спортшыларды футбол академиясының тәрбиеленушілерімен бірге ерекше қажеттіліктері бар балалар да шығарып салды.
#ItsAllAboutAbility инклюзивті қоғамды қолдау жөніндегі ақпараттық науқанды БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Оның мақсаты - балалардың, әсіресе оса топтан шыққан балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, қолайлы орта құру және барлық балалардың спортпен шұғылдануын, олардың дамуы мен әлеуметтенуін маңызды жағдай ретінде қарастырып, оларға мүмкіндіктер жасау.
Естеріңізге сала кетейік, #ItsAllAboutAbility науқанына кез келген ұйым немесе белсенді азамат қатыса алады. Ол үшін мүгедектігі бар балаларға арналған немесе олардың қатысуымен өтетін іс-шаралар ұйымдастыру және оны әлеуметтік желілерде және БАҚ-та #ItsAllAboutAbility бірыңғай хэштегімен жария ету қажет. Ресми визуалды құрамдауышты (логотиптер, қаріптер) алу үшін «Samruk-Kazyna Trust» Қорына жүгінуге болады.
Добавить комментарий