Атырауда ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа даму Орталығы өз жұмысын бастады

19/10/2019

Атырауда «Зейін-Атырау» балалар дамыту орталығы ашылды. Орталықта психикалық және сөйлеу дамуы тежелген, сондай-ақ аутизм белгілері бар балалар білікті көмек ала алады.

Мұнда логопедтер, дефектологтар, емдік дене шынықтыру мамандары, АВА-терапевттер жұмыс істейді. Тәжірибелі мамандар балаларды мектепке дайындайды, олардың ой өрісін, сөйлеу, өзін ұстауын дамытуға және балаларды әлеуметтік жағдайға бейімделуді үйретеді. Балалардың білім алуы үшін бірнеше оқу кабинеттері дайындалды, онда барлық қажетті жабдықтар бар: ой өрісін дамыту ойындары, кітаптар, спорттық құралдар.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Атырау облысында 7-10 жас аралығындағы ерекше балалар саны 6 000-нан астам баланы құрайды. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың зейін салу, ой қабілетін дамыту, қалыпты балалар арасында бірдей білім деңгейін алу үшін жағдай жасау, қоғамға бейімделу жалпы қоғамды толғандырады. Осы себепті "Инклюзия Болашак Атырау" қоғамдық бірлестігі осы бағытта белсенді жұмыс істей бастады.

"Зейін-Атырау" даму орталығының ашылуы "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырып жатқан "ӘREKET" әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында мүмкін болды. Ағымдағы жылдың тамыз айында "Инклюзия Болашак Атырау" ҚБ грант иегері атанды. Аталған грант қажетті жиһаз, жабдықтар, дидактикалық материалдар сатып алуға мүмкіндік берді.

"Мен ерекше баланың анасы ретінде ерекше балалардың ата-аналары кездесетін мәселелерді түсінемін. Сондықтан мен Әкелер мен аналар өз балаларын дамытуға тікелей қатысқанын қалаймын. Осыдан даму орталығын құру идеясы пайда болды және бізге "Samruk – Kazyna Trust" қоры "Әрекет" жобасы және "Теңізшевройл" компаниясына, Еуразия-Орталық Азия қорына "Жарқыра" жобасы үшін көмектескендері үшін алғысымды білдіремін", – деп атап өтті " Зейін - Атырау " даму орталығының директоры Арайлым Нұғманова.

"Әрекет" жобасы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға бағытталған.  Мұндай тәсіл шын мәнінде пайдалы екенін түсіне отырып, келешекте КЕҰ әлеуметтік мәселелерді тұрақты шешеуін, бірақ бұл ретте табыс тауып, өз бетінше өмір сүруін қамтамасыз етуге бағыттылаған. Мысалы, орталық қызмет көрсетуден түскен қаражатқа ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқытуда сүйемелдеп көмек көрсететін тьюторлар оқытылады. Сондай - ақ, КЕҰ қазір осындай тәсілдің арқасында қаржылық тұрақтылыққа шыға алатынын атап өткім келеді",-дейді "Samruk - Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметкері Жанар Жақсылықова.

9 ай ішінде орталық білім беруде ерекше қажеттіліктері бар 235 баланы қамтып, 24 тьютор дайындайды деп жоспарлануда. Мамандар аутистік спектрі бұзылған, психикалық және сөйлеу дамуы тежелген, ДЦП, Даун синдромы бар балалармен жұмыс істеу бойынша білім мен дағдыларды алады. Осылайша, мамандардың көрсетілетін қызметтерінің сапасы жақсаратын болады.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:

+7 701 503 89 89, +7 771 154 97 45

Анықтама үшін:

"Инклюзия Болашақ Атырау" қоғамдық бірлестігі 2018 жылы құрылды және құрылған сәттен бастап Атырау қаласының №3 және №24 орта мектептерінде 2 инклюзивтік сынып ашылды. Аталмыш  сыныптардың арқасынды ерекше қажеттіліктері бар балалар арнайы дефектологтар, психологтар, логопедтердің көмегімен қалыпты балалармен қатар оқуға мүмкіндік алады.

Comments are closed.