Жаңаөзендегі мүгедектер клубына жаңа спорттық құрал-жабдықтар табысталды

01/10/2019

Жаңаөзен қаласындағы «Алға» клубы 1993 жылдан бері жұмыс істеп келеді және осы клубқа 100-ге жуық адам қатысады. Олардың барлығы бейімделген спортпен шұғылданады, республикалық және тіпті халықаралық деңгейдегі жарыстарға дайындалу арқылы жаттығады.

Биылғы жылы Клуб жүгіретін жолдар, гиперэкстензия, Скотт орындығы, күш рамалары, ауыр атлетикамен айналысуға арналған тіректер және тағы басқалар - жалпы саны 20-дан астам бірлік алды.

30 қыркүйекте ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаңа спорттық жабдықтардың тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерге Жаңаөзен қаласының әкімі Мақсат Ибағаров, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Аманғали Нұрдәулетов, «ӨзенМұнайГаз» АҚ бас директорының адам ресурстарын басқару жөніндегі орынбасары Бауыржан Мәмбетсапаев, Маңғыстау облыстық Мүгедектер спорт федерациясының басшысы Нұралы Құлышев қатысты.

«Өзенмұнайгаз» АҚ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірге «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан клуб қатысушыларын қолдауға және оның дамуына өз үлесін қосуға шешім қабылдады. Біз спортшылар спортпен шұғылданып, жарыстарға дайындалулары үшін жаңа спорт тренажерларын алдық», - деп атап өтті Бауыржан Мәмбетсапаев.

Клуб қатысушыларына жаңа тренажерлар, соның ішінде жүгіру жолы, гиперэкстензия, Скотт орындығы, күш рамалары, ауыр атлетикамен айналысуға арналған тіреулер және т.б. берілді.

Жобаның мақсаты - ерекше қажеттіліктері бар адамдарға спортпен және дене шынықтырумен айналысуға жағдай жасау, олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, спорттық аренада нәтижелерге қол жеткізуге және оларды қоғамда әлеуметтендіруге көмектесу.

 

Comments are closed.