Жерұйық саябағында Нұр-Сұлтанның тұрғындары Отбасы күнін атап өтті

15/09/2019

Сенбі күні Жерұйық саябағында «Замандас 21» ҚҚ «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорымен бірлесіп ұйымдастырған отбасылық мереке өтті.

Балалар мен ата-аналар үшін көптеген белсенділік түрлері ұйымдастырылды, оның ішінде «Менің спорттық отбасым» спорттық жарыстары, шахмат және тоғызқұмалақ турнирлері, «Шығармашылық қонақжай» мастер-классы өткізілді, онда мерекеге қатысушылар дизайнерлермен бірге «Отбасылық ағаш» жасап, отбасылық фотоальбомды өз қолдарымен безендірді.

Сонымен қатар, осы күні балаларға арналған шығармашылық байқаулар өтті, ал аналар мен әкелер «Бақытты отбасы» клубынының кәсіби психологтарынан тегін кеңес алуға мүмкіндік алды.

Отбасылық психолог Екатерина Мандрикова бақытты отбасы өмірінің құпиясымен бөлісті.

 «Отбасылық өмірде қарапайым рәсімдер қажет: «Қайырлы таң» деп айту, жолдасын немесе жұбайын сүйіп, жақсы күн тілеу. Кейде отбасында жағымды атмосфера жасау үшін «жанмен» қарапайым тілдесу жетіспейді. Және некеге тұрудың себептерін білу өте маңызды: сіз не үшін сонда тұрасыз? Бұл сұраққа адал жауап беру керек, сонда көптеген проблемалардан құтылуға болады», - дейді психолог.

Ересектер мамандардан кеңес алғанша өткенше, балалар сахнада өз дарындарын көрсетті. Мерекеге қатысушылардың бірі Зарема достарымен бірге «киномания» пантомимасын ұсынды. Жас актрисаның айтуынша, ол 1,5 жыл бойы «Замандас» клубындағы драма үйірмесіне барады.

 «Маған актерлік шеберлік өте ұнайды - бұл менің хоббиім. Бүгін мен Ботаника рөлін ойнаймын және осы рөлге толық ендім. Болашақта актриса болғым келеді», - дейді Зарема.

Мерекенің тағы бір «фишкасы» «Оқы, елорда! Оқы, Астана!» кітап алмасуы болды. Іс-шараның соңында «Замандас 21» ҚҚ балалары дайындаған мерекелік концерт қойылды.

Comments are closed.