«Samruk-Kazyna Trust» Қоры «Мектепке жол» науқанына қосылды және 3 000-нан астам оқушыларды мектеп керек-жарақтарымен қамтамасыз етті

29/08/2019

Жаңа оқу жылының қарсаңында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан 3 000-нан астам оқушыны мектепке дайындады.

«Мектепке жол» қайырымдылық науқаны аясында «Samruk-Kazyna Trust» Қоры 3000-нан астам кеңсе тауарлары мен жолдорбалар сатып алуға қайырымдылық көмек көрсетті.

Мектеп керек-жарақтары 1 қыркүйекке дейін оқушыларға берілетін болады. Мұқтаждар тізімі елордалық мектептердің әкімдікке берген өтінімдері негізінде жасалады. «Samruk-Kazyna Trust» Қоры атап өткендей, бұл оқушылардың мүдделерін қозғайтын жалғыз жоба емес.

Осылай, бүгін қала Әкімдігі мен Samruk-Kazyna Trust Қорының өкілдері «Жанұя» отбасын қолдау орталығында алғашқы 60 балаға мектеп керек-жарақтарын табыс етіп, оқуда табыс тіледі.

Сонымен қатар, «Samruk-Kazyna Trust» Қоры елорда тұрғындарына Гете көшесі, 10 мекен-жайында орналасқан әмбебап спорт, балалар ойын алаңын сыйға тартады.

1 336 ш.м. аумақты алып жатқан алаң төрт аймақтан тұрады - футбол алаңы, стритбол аймағы, балалар алаңы және workout тренажерлары. Жабық ауада орнатылған алаңдар бұқаралық спортты дамытуға және тұрғындарды заманауи спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған.

Қосымша, 1 қыркүйекке дейін «Жас Шуақ» жазғы балалар лагерінің 360 қатысушысы кеңсе тауарларының толық жиынтығынан тұратын жолдорбаларды алды. Лагерь 1 шілдеден 9 тамызға дейін аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларының балалары, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін ұйымдастырылды. Лагерь қатысушылары Силикат ауданының №57 және №13 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, сондай-ақ жақын арада жаңа аула клубы ашылатын Лесозавод ауданының № 49, № 21 жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, «Мектепке жол» акциясы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Comments are closed.