ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Онкологияны жеңген жас қазақстандықтар Бүкіләлемдік ойындар Жеңімпаздарының медальдарына ие болды

09/07/2019

3-8 шілдеде Мәскеу қ.да өткен Бүкіләлемдік балалар ойындарының жеңімпаздарына қатысушылар елге оралды.

Дүниежүзілік балалар ойындары жеңімпаздарының ойындары - бұл онкологияға шалдыққан балаларға арналған спорттық жарыстар. Жеңімпаздардың ойындары 2010 жылдан бастап Мәскеуде өткізіледі. Оған әлемнің 20-дан астам елінен 3 мыңнан астам бала қатысқан.

Биылғы жылы Қазақстан атынан 17 бала қатысты, оның бесеуі - «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырып жатқан «Жас таланттар» жобасы аясында жол жүру грантын алған.

Грант иегерлерінің арасында - Александр Заболотний бар. Александр интернационалдық құрамасаның құрамында футболдан бірінші орынды иеленді. Саша 13 жаста, ол Степногорск тұрғыны. Биыл ол Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 7-ші сыныбына барады.

Сашада қатерлі ісік бар екенін ата-анасы 2016 жылы, жиі кездесетіндей, кенеттен білді. Дәрігерлер балаға диагноз қойды: сол бүйректің нефробластомасы. Оған ота жасалды, оның барысында Сашаның бүйрегін алып тастады. Осыдан кейін оны химиотерапия курсын күтті – жеңіл сынақ емес, бірақ Саша оны лайықты орындап, осы күрестен нағыз жеңімпаз болып шықты. Ауруды жеңе отырып, бала әкесімен бірге халықаралық жарыстарда елдің абыройын көрсетуге шешім қабылдады.

«Ойындар маған өте ұнады, онда әлемнің 15 елінен 500-ден астам адам жиналды. Бізден, қазақстандықтардан басқа, оған Қырғызстан, Үндістан, Германия, Венгрия, Украина және басқа да мемлекеттердің балалары қатысты. Мен жүгіру, ату, шахмат, футбол сияқты спорт түрлеріне қатыстым. Бұл менің екінші ойыным, бұдан кейін қатыса алмаймын», - дейді Александр.

«Жеңімпаздар ойындарына, регламент бойынша, онкологияға шалдыққан бала екі рет қатыса алады.  Үшінші рет рецидив болған жағдайда және қайтадан ремиссияға шыққан болса ғана қатыса алады. Сондықтан, Құдай қаласа бұл соңғы қатысуымыз», - деп түсіндіреді жасөспірімнің әкесі Александр.

Әкесінің айтуынша, алда әлі екі жыл ремиссия, зерттеулер күтуде, егер қайталанбайтын болса, Саша толық сауығып кеткен деп саналады.

Осы ауқымды шараға жас қазақстандықтар «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту Қоры жүзеге асырып жатқан «Жас дарындар» жобасының арқасында қатыса алды.

Жобаның мақсаты - республикалық және халықаралық шығармашылық конкурстарға, олимпиадаларға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға және қоғамның тұрақты дамуына, мәдени қоғамдастық пен адами әлеуетті дамытуға жәрдемдесетін өзге де іс-шараларға қатысу үшін халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының балаларына жол жүру гранттарын (авиа -, авто -, теміржол билеттерін екі жаққа) беру.

«Жас дарындар» жобасын іске асыра отырып, біз дарынды балаларды қолдауға, оларға республикалық және халықаралық байқаулар мен жарыстарда өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беруге тырысамыз. Біз Дүниежүзілік жеңімпаздар ойындарына қатысу үшін жол жүру гранттарын ұсына отырып, бес қатысушыны қолдадық. Барлық балалар лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Сонымен, алматылық Полина Клинкович жүгіру және жүзу сияқты бағыттар бойынша бірінші орынға, сондай-ақ теннис ойынында үшінші орынға ие болды», - деп атап өтті Корпоротивтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.

Дүниежүзілік балалар ойындары жеңімпаздары жарысы - бұл жарыстан да көп, бұл онкологиялық ауруларды жеңген балалар үшін мереке.  Ойындар балаларға ауру туралы ұмытуға және толыққанды өмірге оралуға көмектеседі, оларды спортпен айналысуға ынталандырады, өзіне және өз күшіне сенуге мүмкіндік береді.

Жеңімпаздардың ойындарына дәстүрлі түрде онкологиядан өткен және емін аяқтаған 7 жастан 16 жасқа дейінгі балалар қатысады. Барлық қатысушылар спорттың алты түрінен жарысады: жеңіл атлетика, жүзу, үстел теннисі, ату, шахмат, жас топтарына қарай футбол.

Жүлделі орындарға ие болған балалар тізімі:

1. Бердібай Бисултан – шахмат, 3 орын; футбол, 2 орын; жүгіру, 1 орын;

2. Баялиева Асел – шахмат, 3 орын;

3. Байсакова Аянат – футбол, 3 орын; жүзу, 1 орын;

4. Лепшеева Юлия - футбол, 3 орын;

5. Заболотний Александр - футбол, 1 орын;

6. Королев Александр - футбол, 1 орын; ату, 3 орын;

7. Шигов Роман - футбол, 3 орын;

8. Сарбаев Адиль - футбол, 1 орын;

9. Пузиков Кирилл - футбол, 1 орын;

10. Жумабай Жансила - футбол, 1 орын;

11. Клинкович Полина –жүзу,1 орын; жүру, 1 орын; теннис, 3 орын.

Добавить комментарий