ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

Шет елден келген балалар Қазақстан бойынша саяхатқа аттанды

02/07/2019

2 шілдеде астаналық «Нұрлы жол» бекетінде «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызы іске қосылды. Бұл осы маусымдағы екінші сапар болып табылады және 200 бала Қазақстанның әдемі тарихи орындарын көруге мүмкіндік алды.

Екінші сапар ерекше болды, өйткені мұнда алғаш рет Қазақстаннан тыс жерде тұратын қазақ диаспорасы өкілдерінің балалары қатысады - бұл «Отандастар қоры» ҚЕАҚ-мен ынтымақтастықтың көмегімен мүмкін болды. Сонымен қатар, екінші туристік пойыздың жолаушылары - 2019 жылғы 17 мамырдан 15 шілдеге дейін өткен шығармашылық байқаудың жеңімпаздары.

Алғашқы күндері балалар үшін Назарбаев Университетіне экскурсия, ЭКСПО-2017 көрмесінің аумағында серуендеу және «Нұр-Әлем» мұражайына бару ұйымдастырылды. Көптеген балалар үшін бұл елордадағы алғашқы сапар, олар жас қалаға таңданып және тарихи отандарының географиясы мен көрнекті жерлерімен кездесуді асыға күтетінін атап өтті.

Қырғызстаннан келген Елдар Ғаппаров Қазақстан астанасына келген әсерімен бөлісті: «Мен Нұр-Сұлтан қаласына алғаш рет келдім. Мен мұнда жаңа құрылыстар мен биік ғимараттар көп деп, сондай-ақ түрлі елдерден көптеген жаңа достармен кездесу болады деп күтпедім. ЭКСПО аумағында экскурсия кезінде мен қазақтың көне әдет-ғұрыптары туралы білдім, олардың көпшілігі маған таныс болды, бірақ кейбіреулері туралы мен алғаш рет естідім».

Нұрсұлтан Чигажанов 15 жаста, ол Ресейден келген. «Мен Қазақстанға алғаш рет келдім, бұл жобаға жолдаманы шығармалар байқауында жеңіп алдым. Елордада маған Назарбаев Университеті мен ЭКСПО ұнады. Мен елдің өте жасыл, ал Нұр-Сұлтанның түнгі қаласы өте әдемі екеніне таң қалдым.  Қазақстан менің тарихи Отаным болып табылады. Мен Ресейде туып өстім, алайда қазақ тілін білемін және болашақта Қазақстанға оралуды жоспарлап отырмын. Осы сапарда менің ата-бабамның жерін көріп, тарихымен жақынырақ танысқым келеді».

Әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кенгербаев басқа елдерден келген қонақтарды қарсы алып, балаларға қызықты саяхат тіледі: «Бүгін Қазақстан мен басқа елдердің балалары бір командаға бірігеді. Бізге Беларусь, Ресей және Қырғызстан елдерінен барлығы 25 бала келді. Мен бұл саяхат әр баланың өміріндегі ұмытылмас оқиға болады деп үміттенемін және олардың туған өлкесі - Қазақстанға келуге мүмкіндігі бар екеніне қуаныштымын».

Жоба дәстүрі бойынша «Нұр-Сұлтан» теміржол вокзалы перронында флешмоб ұйымдастырылды. Келесі тоғыз күн ішінде олар тарихи ескерткіштерге, ойын-сауық орталықтарына барып, үлкен мегаполистердің заманауи биік ғимараттарын көріп, ұмытылмас демалыс өткізеді. Қалаларға барумен қатар, пойызда балаларды интеллектуалды ойындар, спорттық жарыстар, ағылшын тілі курстары, шығармашылық, музыкалық және би үйірмелері күтіп тұр.

Естеріңізге сала кетейік, 1 маусымда Балаларды қорғау күні «Туған елге саяхат» балалар туристік пойызының бірінші сапары басталды.2019 жылдың жазына барлығы үш сапар жоспарланған – соңғысы 1 тамызда басталады. Жоба балаларды жан-жақты дамытуға, қоршаған ортаға деген қызығушылықты арттыруға, еліміздің тарихи және архитектуралық ескерткіштерін зерделеуге және патриотизмді нығайтуға бағытталған. Пойыз бағытына Нұр-Сұлтан, Байқоңыр, Тараз, Алматы және Балқаш қалалары кіреді.

Добавить комментарий