Аэроғарыш саласын дамыту жобаларын жас авиаинженерлер таныстырады

25/06/2019

Бүгін Назарбаев орталығында «Nazarbayev Fund Schools Challenge» Республикалық байқауының ақтық сыны өткізілді. Бұл байқауды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Қазақстан Республикасының әділет министрлігі, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК, Назарбаев университеті, «Air Astana» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» Қоры бірлесіп осымен үшінші рет ұйымдастыруда.  

Жоба мектеп оқушыларының білімін аэроғарыштық инновациялардағы, көлік саласындағы зияткерлік меншік өнімдерін дайындауға деген қызығушылығын жоғарылатуды көздейді.  

Ақтық іріктеу турниріне ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, «Samruk-Kazyna Trust»  Әлеуметтік жобалар дамыту Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев, Ұлыбритания елшілігінің өкілдері және т.б. қатысты.

Ашылу салтанатында Тұңғыш Президент Қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов Қордың ғылым мен инновациялардағы жастардың ілкімді жобаларын қолдаудағы рөлін атап өтті. «Бүгінде ел жастарының ғылымда болсын, инновацияларда болсын өз мүмкіндіктерін іске асыруға жағдай мен мүмкіндіктер саны толығып келеді. Осындай мүмкіндіктердің бірі – Тұңғыш Президент Қорының «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауы. Оған мектеп оқушылары үлкен қызығушылық білдіріп қатысатыны қуантады. Осы өткізілген үш жыл ішінде байқауға елдің түкпір-түкпірінен 1500 жас өрен қатысты», - деді.

«Samruk-Kazyna Trust» Қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев байқау жеңімпаздарын Ұлыбританияда мазмұнды бағдарлама күтіп тұрғанын айтты.
«Биылғы жылы қатысуға Қазақстанның әр аймағынан 100-ге жуық команда өтінім берді, бұл дегеніміз 500-ден астам адам. Осылардың ішінен 17 команда іріктелді. Байқау жеңімпаздарын әдеттегідей басты жүлде – Ұлыбританияға, Крэнфилд университетіне сапар күтеді. Онда оларды қызықты дәрістер, экскурсиялар, Боинг 747 симуляторында тәжірибелік сабақтар, NFLC Jetstream ұшағында сынақ рейсінің жұмысына қатысу және т.б. күтеді».

Конкурс 2 кезеңнен тұрады: өңірлік және республикалық.

Биылғы жылы өңірлік таңдау барысында 100 команда (500 қатысушы) арасынан 17 команда (85 қатысушы) ақтық сынға жіберілді.

Ақтық іріктеуге жеткен дәл осы қатысушылар бүгін өз жобаларын әділқазылар алқасына таныстырды. Олар жобалардың жалпы тиімділігін, идеяның мазмұндалуын, ағылшын тілін білу деңгейін бағалады.

Қатысушылардың жұмыстары техника саласы мен инженерлік мамандықтарға арналды. Соның ішінде: көлік пен логистика, мұнай мен газ, машинақұрастыру, сәулет өнері мен құрылыс, шикізатты бұрғылау мен өндіру, биотехнологиялар, химиялық өндіріс, IT, биотехнологиялар, робототехника және т.б.

Нәтижесінде ең үздік команда және финалға жеткен әр команданың 2 мүшесі 2019 жылғы тамыз айында Ұлыбританияның Крэнфилд университетіне барады. Аталған оқу орны аэроғарыштық жобалау мен «жасыл» технологияларды дамытудағы дүниежүзіндегі белді университет саналады.

 Бұл біздің балаларымызға баға жетпес тәжірибе береді және идеяларын одан әрі дамыту үшін түрткі болмақ.  

Айта кетейік, былтырғы жылдардағы жеңімпаздар Қазақстан мен шет елдерінің үздік техникалық оқу орындарына оқуға түсті. Байқау қатысушыларға болашақ кәсібін таңдауға және ағылшын тілін меңгеру дейін жоғарылатуға септігін тигізді.  

Байқаудың нәтижелігі ретінде бір мысал келтірер болсақ, былтырғы жылғы жеңімпаз Қызылорда қаласының тумасы Евгений Демиденко туралы айтуға болады. «Nazarbayev Fund Schools Challenge» байқауының қатысушысы ұшақтың жаңа моделін ойлап тапты.  

Нәтижесінде Евгенийдің бұл идеясын авиациялық, ғарыштық және әскери техниканың әлемдік ірі құрастырушыларының  бірі The Boeing Company сатып алды.

Comments are closed.