Екібастұзда ерекше балалар мамандардан тегін көмек ала алады

01/06/2019

Екібастұзда «Әр алуан, бірақ тең» жобасы аясында ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті (ППТК) ашылды.

Жобаның мақсаты - Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар мен олардың отбасыларына тиімді көмек көрсету. Түзету кабинетінде ерекше бала дефектолог, психолог, логопед, ЕДШ нұсқаушысы және т.б. мамандар командасынан кешенді көмек ала алады.

Орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, Екібастұз қаласының әкімі Нұржан Әшімбетов, «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры                    Диас Әзбергенов, «Дара» Қайырымдылық қорының және Павлодар облысының Білім басқармасының өкілдері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, сондай-ақ балалар мен олардың ата-аналары қатысты.

 «Дара» Қайырымдылық қорымен бірлесіп «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Екібастұз қ. №2 ЖОМ базасында ашып жатқан кабинеті саны бойынша 11-ші кабинет болып табылады.

Еңбек министрі «Samruk-Kazyna Trust» қорының өкілдеріне әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан елеулі үлесі үшін алғыс айтты.

«Біз бизнес-қауымдастықпен және ірі кәсіпорындармен бірлесіп әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізудеміз. Жақында министрлік пен Қор арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Түзету кабинеті ерекше балаларды емдеу мен дамытуға көмектеседі деп сенемін», - деп атап өтті Сапарбаев.

 «Бұл біз ашқан 11-ші, және Павлодар облысындағы 2-ші түзету кабинеті. Қазіргі уақытта Екібастұзда 1300 ерекше бала бар, және біз бұл кабинет олардың білім алуына тиімді ықпал етеді деп үміттенеміз.  Түзету кабинеті жыл сайын 150-ден астам ерекше балаларды қабылдай алады. Олармен білікті мамандар жұмыс істейтін болады. Және мұның бәрі тегін негізде», - деді «Samruk-Kazyna Trust» Қорының бас директоры Диас Әзбергенов.

Дияс Әзбергеновтың айтуынша, ППТК барлық қажетті жабдықтармен, оның ішінде Монтессори жабдықтарымен, ЕДШ бойынша сабақ өткізуге арналған құрал-жабдықтармен, тифло және сурдожабдықтармен, «Дельфа» логопедиялық аппаратымен, сондай-ақ барлық қажетті әдістемелік құралдармен жабдықталған.

Екібастұзда түзету кабинетінің ашылуы мемлекет, үкіметтік емес сектор және бизнес серіктестігі арқасында мүмкін болды. Осылай, жергілікті атқарушы органдар орталықты ашуға жоғары қызығушылық таныта отырып, тегін орын ұсынады, «Дара» Қоры «Samruk-Kazyna Trust» қолдауымен орынды бейімдеу, кедергісіз орта құру және материалдық-техникалық жабдықтау жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ мамандарды оқытады.

Орталық ашылғаннан кейін жергілікті әкімшілік балансына беріліп, оны қамту жергілікті бюджеттен қарастырылатын болады. Осылайша жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 Дәл осындай ПТТК Павлодар қаласында да ашылған болатын, сонымен бірге ол жерде инклюзивті білім беретін Ресурстық орталық жұмыс жасайды. 2017 жылдан бері жалпы саны 16 Ресурстық орталық ашылып, бүгінгі таңда Қазақстан бойынша шамамен 170 бала көмек алуда.

 

Анықтамалық:

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры – «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторы болып табылады, және халық үшін әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған қайырымдылық жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырады. Қордың қызметі мемлекеттік органдардың, ҚР Үкіметінің және қоғамдық және әлеуметтік саясат саласындағы сарапшылардың көмегімен жүзеге асырылады.

«Дара» Қоры – жеке қайырымдылық қоры, ерекше балалар мен балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірлік жағдайын жақсартуға және олардың мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ Қазақстанда инклюзияны дамытуға бағытталған жобаларды жүзеге асырады.

Барлық қызықтырған сұрақтар бойынша келесі нөмір арқылы анықтай аласыз: 8 701 550 48 86

Comments are closed.