ОКАЗАТЬ ПОМОЩЬ

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨРУ ҚАБІЛЕТІ ЖОҚ БАЛА МЕНТАЛЬДІ АРИФМЕТИКАДАН ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ГРАНД-ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

16/05/2019

4-7 мамыр аралығында Майндағы Франкфурт қаласында ментальді арифметикадан «Seven Continents Cup-2019» Халықаралық олимпиадасы өтті. Бұл іс-шара көптеген жылдар бойы әртүрлі елдерде өткізіледі. Биылғы жылы олимпиадаға әлемнің ментальді арифметика мектептерінің 500-ден астам оқушысы қатысты.

Жас қазақстандық Мұстафин Абылай осы олимпиаданың гранд-чемпионы атанды. Жас чемпион ментальді арифметиканы оқытуды тек 2018 жылы бастаған болатын, қысқа уақыт - 8 ай аралығында халықаралық деңгейдегі басымдыққа қол жеткізді.

Мұстафин Абылай «Samruk-Kazyna Trust» Қорының «Жас таланттар» жобасы аясында Халықаралық олимпиадаға қатысып, чемпион атану мүмкіндігіне ие болды.

 «Жас таланттар» жобасының арқасында талантты балалардың жол жүру гранттарын алу арқылы республикалық және халықаралық конкурстарға қатысуға мүмкіндігі бар. Жол жүру гранттарын алуға өтінімдерді қарау кезінде комиссия отбасы табысының деңгейін ескереді, көп балалы, толық емес отбасылардың балаларына, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне ерекше назар аударады», - дейді «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Мирас Іргебаев.

Абылай 11 жаста, Нұр-Сұлтан қаласындағы №10 мектеп-гимназиясының көзі көрмейтін балалар тобында 3 сыныпта оқиды. Абылай – туылғаннан бері мүгедек, диагнозы – шала туылғандардың 5 дәрежелі ретинопатиясы (көру қабілетінің болмауы, жарықты сезінбеу).

 «Абылай мектебінде өзінің мүгедектік дәрежесіне қарамастан өзін тек белсенді жағынан көрсетеді, ол өте қабілетті оқушы. Абылайдың барлық материалды есту арқылы шығарады, ал шешімді Брайль әдісі бойынша өзі жазады. Оқу кезеңінде Абылай қалалық олимпиадаға қатысып, Чемпион атағына ие болды және халықаралық олимпиадада СуперЧемпион атағына ие болды. Абылай барлық қатысушылармен тең дәрежеде қатысатын жалғыз көзі көрмейтін бала», - деп атап өтті баланың оқытушысы Сауле Сағымбаева.

Естеріңізге сала кетейік, жол жүру гранттарын беру ережесімен, сондай-ақ өтінім беру үшін қажетті құжаттар тізімімен өтініш берушілер Қордың сайтында, «Құжаттар» бөлімінде таныса алады.

Қосымша ақпарат алу үшін телефон: + 7 (7172) 57-66-02 немесе e-mail: pr@sk-trust.ibitrix.kz арқылы хабарласыңыз.

Добавить комментарий